Біздің күнделікті не ішіп-жейтініміз өте маңызды. Қазіргі кезде ата-аналардан «Біздің балаларымыз тілімізді алмайды!» деген наразылық пікірді жиі естиміз, несіне таңданасыз? Егер біз әлі дүниеге келмеген сәбилерімізді, олар аналарының жатырында пайда болған кезден бастап харам аспен қоректендіретін болсақ, ал олар ержеткен соң миларына харам жасау туралы ойлар келмегенде не болмақ? Естеріңізде сақтаңыздар, халал ас – рұқсат етілген ойлар мен әрекеттерді тудырса, ал харам ас – рұқсат етілмеген ойлар мен әрекеттерді тудырады.
Шейх Ашраф Әли Санви былай айтады: «Егер бала дүниеге келгенге шейін оның ата-анасы адал өмір сүріп, Аллаға иман келтіргендерден болса, онда оның баласы да Құдай жолына берілген адам болып шығары сөзсіз.» Дүниеге сәби келер алдындағы ата-ананың істері жарық өмірге әлі келе қоймаған баланың жетілуіне маңызды әсерін тигізеді. Бір иманды адамның баласы тентек болып өседі. Біреу ол кісіден былай сұрайды: «Расында қызық нәрсе, сіз сондай Құдай жолына берілген адамсыз, ал балаңыз болса өте сотқар. Бұл қалай болғаны?» Сонда иманды адам былай жауап берген екен: «Бірде кешқұрым бір бай адамның үйіне асқа шақырылған едім. Оның кірісі күмәнді болатын. Астан соң менің нәпсім қозып, әйеліммен қосылдым, ал әйелім жүкті болып қалды. Ал бұл бала болса, сол күмәнді астың нәтижесі».
Сондықтан, әйелдің аяғы ауыр кезінде тек рұқсат етілген жолмен табылған әртүрлі халал тағамдарды жеу аса маңызды. Егер тағамның адал екендігіне күмәнданатын болсаңыз, онда ол астан дәм татудың қажеті жоқ.
Дереккөз: darulfiqh.com
Пікірлер (0)