Мұсылмандар арасында достық, түсіністік, бауырластық және жақындық қалыптастыру мақсатында күнделікті бес уақытқы намазданк кейін, мешіт ішінде қол алысуда діни бір нақты тыйым жоқ. (Ибн Абидин, Рәддүл-Мұхтар, ҮІ, 381) Бұл пікірді Имам ән-Нәуәуи де мына сөзімен құптап отыр:
«Екінді намазы мен таң намазынан кейін жамағаттың қол алысып амандасу үрдісі негізінде дінде тікелей дәлелі жоқ. Бірақ, бұл әрекетте терістік жоқ. Өйткені, қол алысудың негізі дінде – сүннет. Сондықтан да, қол алысуды кейбір жағдайларда ғана үрдіске айналдырып, көбіне ұмыт қалдыру оның шариғаттағы негізін жоймайды».(Доктор Али Жұмға, «әл-Муташаддидун», 66 – бет). Сондықтан, жақсы ниетпен жасалған мұндай амалға қатысты тыйым жоқ. Бірақ, ескеретін бір жайт, намаздан кейін мешіт ішінде немесе сыртында қол алысуды намаздың бөлінбейтін шарты негізінде түсініп жамағатпен жасалатын шараға айналдыру дұрыс емес.
Найб имам: Рашид Алпысбаев
Пікірлер (0)