Өліммен басталып, қайта тірілумен аяқталатын өмірді "қабыр әлемі" деп атаймыз. Біздің әһлі сүннәнің ақидасы бойынша, қабыр азабы - хақ. Бұл жайлы Құран Кәрімнің "Ибраһим" сүресі, 27-аятында:"Алла (Т.) сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де, ақыретте де мықты сөзбен бекітеді. Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағанын істейді",-делінеді. Сонымен қатар, көптеген хадистерде бұл жайлы хабарлар мен ескертулер айтылған. Айталық мына бір хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с): "Қабір ақырет аялдамаларының алғашқысы. Бір адам егер сол аялдамадан құтылатын болса, кейінгі аялдамалардан жеңіл өтеді. Құтыла алмаса, кейінгілерінен өту тіпті қиын болады"(Тирмизи, "Зүһуд", 5),-деп, қабыр азабының бар екендігін меңзеген.
Сондықтан, қабір әлемінде адамның осы өмірдегі амалына байланысты рахат пен азаптың бар екендігі даусыз.
Найб имам: Мамлюк Мусаев
Пікірлер (0)