Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:26
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:44
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:14
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 7
  • Рамада́н

    1444

Дұға етудің арнайы уақыттары бар ма?


Түннің үштен бірінде және таң сәріде жасалған дұғалар қабыл болатыны туралы хадистер кездеседі (Тирмизи, "Дағауат", 80). Имам Муслимнен жеткен хадистердің бірінде де бұл туралы баяндалады:

Абу Хурайра (р.а) риуаят еткен хадисте Ардақты Алла Елшісі (с.ғ.с) айтқан: «Раббымыз Тағала әрбір түнде, түннің үштен бір бөлігі қалғанда дүние аспанына түсіп: «Кім Менен тілейді, тілегін қабыл етейін. Кім Менен сұрайды, сұрағанын берейін, кім Менен жарылқау тілейді, оны жарылқайын», — дейді»,-делінген.

Бұдан тыс, Рамазан түндерінде, Арафатта тұрғанда, түнгі уақыттарда, сәждеде, азан мен қаматтың арасында, азан айтылып жатқан кезде, парыз намазының соңында, Қағбаны бірінші рет көргенде, т.б сәттерде дұғаның қабыл болатыны жайлы хадистерде баяндалған (Мүслим, "Салатул-Мүсафирин", 166; Тирмизи, "Дуа", 8, "Дуғуат", 80, 129; Ибн Мәжа, "Сиям", 48).

найб имам: Жасұлан ӘБУТӘЛІП

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.