Дат айтуға хақымыз бар!
Бізді "сəлəф" деп жүргендер отпен ойнайды", деген кісінің сөзіне келесі шарттармен ғана сенуге болады:
1. Абай Құнанбайұлы мен Мəшһүр Жүсіптің Алланы мекенсіз деп сипаттаулары - дұрыс сенім деп мойындаса, əрі Алланы өз болмысымен (затымен) аспанда деп сенудің адасушылық екенін қабылдаса;
2. Имам Тахауи Алла тағаланың болмысы шектелуден жəне ағзалардан пәк деп айтқан сенімін дұрыс əрі ақиқат деп мойындаса;
3. Мухаммад ибн Абдилуаһһабты адасқан деп қабылдаса;
4. ҚМДБ-ның тұғырнамасында көрсетілгендей Имам Əбу Ханифаның мəзһабына негізделген "матуриди" сенім мектебін əһлу сунна жолы деп мойындап, оны өз діни бағытына айналдырса;
5. Əрі осы айтылғандарды өз сөзімен БАҚ жəне əлеуметтік желілер арқылы жарияласа.
Егер бұл талаптар орындалмаса, онда ол кісі өзінің салафит екенін мойындасын!
Фэйсбук парақшасынан алынды
Пікірлер (0)