- Аһл ас-Cүннет (араб.: سنة — “Сунна адамдары”) - Сүннетке мойынсұнып, оны қолдап – қуаттаушы сунниттер тобының атауы. Сүннет - шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол ардақты елші Мұхаммедтің (с.ғ.с) іс-әрекеттері мен айтқан өсиеттері, тұжырымдарынан тұрады. Аһл ас-Суннаның негізгі сипаттары:
-
Алғашқы төрт халифты мойындау. Әділетті төрт халифаның есімдері мынадай:
-
Хазреті Әбу Бәкір,
-
Хазреті Омар,
-
Хазреті Осман,
-
Хазреті Әли.
-
Мұхаммад б. Исмайил әл-Бұхари, Муслим б. Ан-Найсабури, Әл-Хаким ат-Термизи, Әбу Дауд, Ан-Насаи, Ан-Насаи, Ибн Маa`жә қатарлы алты ғұламаның жинақтаған хадистер жиынтығын мойындау.
-
Ханафи, Мәлики, Шафиғи, Ханбали мәзһәбтарының бірін ұстану.
Аһл ас-Суннаға жататындар мұсылман елдерінің бәрінде өмір сүреді. Солардың ішінде қазақ халқы да Ханафи мәзһәбін ұстанатын аһл ас-Сунна тобына жатады.