Ай қорытындысы бойынша қатарымызға бірнеше кәсіпорындар қосылып, «Халал» сертификаттаудан өтті. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы «Кувшин» асханасы, Алматыдағы «Sancak» мейрамханасы және Шымкент өңіріндегі «Эмир» ірімшігін өндіретін «AYKAN (Айкан)» ЖШС кәсіпорыны ҚМДБ-ның бақылауына алынды.
«Кувшин» асханасы мен «Sancak» мейрамханасы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 1:2015 “Халал” өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар” стандарты бойынша тексерістен өтіп, оң нәтижеге ие болды. Сертификаттау рәсімін ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы және ОҚО бойынша жауапты Халал өкілі Темур Аманкулов жүргізді.
Сондай-ақ, «AYKAN (Айкан)» ЖШС өнімі арнайы зертханалық тексерістен өткізіліп, өнімнің құрамы таза екендігі анықталды. Аталмыш кәсіпорынның негізгі бағыты әр түрлі ірімшік өндіру үшін сүттерді өңдеу болып табылады. Сертификатты ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы табыстады.
Пікірлер (0)