Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:28
  • Күн 06:57
  • Бесін 13:25
  • Екінті 17:43
  • Шам 19:43
  • Құптан 21:12
  • 28
  • наурыз

    сейсенбі

  • 6
  • Рамада́н

    1444

ДІНИ САЛАДАҒЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ҚАРАУ ҮШІН АРНАЙЫ ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Астана. 27 маусым – Қазіргі таңда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне дін саласын реттеуге қатысты көптеген сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсуде, – деп хабарлайды KAZISLAM порталы.

Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынасты жетілдіру бойынша ресми көзқарастардың жүйесін анықтау мақсатында Министрлік «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын» әзірленді. Тұжырымдама дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ары қарай дамуын, құқықтық нормативті актілер жүйесін, дін саласын реттеу бойынша әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқару шараларды жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар, Министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуді бастады. Қазіргі таңда заң жобасы әзірлену үстінде. Жобаны жасақтауға эксперттер, ғылыми қауымдастықтың, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылған. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Заң жобасында «құдайға құлшылық ету», «діни әдебиет», «діни радикализм», «деструктивті діни ағым» және т.б. ұғымдардың анықтамасы нақтыланады. Терминдерді нақтылау біркелкі түсіну мен нормативті тәжірибеде бірегей қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл соңғы кездері кейбір тұлғалардың терроризм мен экстремизмге үндеу болмаса да, мағынасы жағынан діни догмаларды радикалды тұрғыдан ұғынатын іс-әрекет пен сөздерді пайдалануымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, заң жобасы шетелде діни білім алуды реттеуді көздейді. Қазір қазақстандықтардың шетелде діни білім алуына шектеу қою туралы эксперттердің ұсынысы қарастырылып жатыр. Дегенмен, ресми тіркелген діни бірлестіктердің жолдамасы болған жағдайда, шетелде діни білім алу мүмкіндігне шектеу қойылмайды. Жобада дінге деген көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарын қорғайтын нормалар нақтыланатын болады. Оның ішінде, дінге қатысты азаматтардың сезімдерін қасақана қорлауға, кемсітуге жол бермеу мәселесі қарастырылады. Қазіргі таңда Министрлікке деструктивті діни ағымдардың өкілдері тарапынан халықтың діндар және белгілі бір дінді ұстанбайтын бөлігін сенбеушілікке айыптау, сезімдерін қорлау мен белгілі бір дінге қатыстылығына орай кемсіту фактілері бойынша азаматтардан өтініштер түсуде. Тағы бір өзгеріс ретінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тарту көзделеді. Бұдан бөлек діни бірлестіктердің қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету, діни әдебиетті тарату бойынша жауапкершілікті арттыру, қоғамдық орындарда адамның түрін тануға кедергі келтіретін киімдерге заңмен тыйым салу, және т.б. өзгерістерді енгізу қарастырылуда. Бұл өзгерістердің барлығы қоғам тарапынан (эксперттер, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар) келіп түскенін атап өту керек. Қазіргі таңда заңжобасы әзірлеу үстінде. Өзгерістер мұқият зерттеліп, жобаға енгізілгеннен кейін кең талқылауға шағыралатын болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.