Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:28
  • Күн 05:30
  • Бесін 13:26
  • Екінті 18:45
  • Шам 21:11
  • Құптан 23:13
  • 30
  • шілде

    жұма

  • 20
  • Зуль-хиджа

    1442

«Алла тағала жақсылықтар мен жамандықтарды жазып, ара-жігін ажыратып қойған. Кім бір жақсы істі істеуді ниет етіп оны амалға асыра алмаса да, Алла тағала оған өз құзырында бір жақсы іс істеді деп жазады...» делінген.

«Алла тағала жақсылықтар мен жамандықтарды жазып, ара-жігін ажыратып қойған. Кім бір жақсы істі істеуді ниет етіп оны амалға асыра алмаса да, Алла тағала оған өз құзырында бір жақсы іс істеді деп жазады. Егер ниет еткен жақсы істі амалға асырса, Алла тағала оған өз құзырында оннан жеті жүзге дейін, тіпті, одан неше есе көп, есепсіз сауап амалдар істеді деп жазбақ. Ал егер жаман күнә іс істеу ниетіне келсе, бірақ оны амалға асырмаса, Алла оған бір жақсы іс жасағанның сауабын береді. Егер ниетке келген бір күнәні, амалға асырса, Алла оған бір күнә істеді деп жазады» делінген.
 Осы хадистің алғашқы сөйлемі «Алла тағала жақсылықтар мен жамандықтарды жазып, ара-жігін ажыратып қойған» деп басталды. Яғни, барлық жақсы-жаман амалдар әуелде-ақ жазылып қойылған. Адамдарға қасиетті кітаптар арқылы пайғамбарлар мынау іс жақсы, мынау іс жаман деп дін арқылы баяндаған. Сөйтіп, баршаға жақсы-жаман, сауап-күнә істер аян болған.
«Кім бір жақсы істі істеуді ниет етіп оны амалға асыра алмаса да, Алла тағала оған өз құзырында бір жақсы іс істеді деп жазады», - дейді. Өйткені, жақсы істі ниет етудің өзі жақсы. Сондықтан да, дана халқымыз «жақсы ниет жарты мал» десе керек. Олай екен, бұл мақал хадиске сай. Хадис пен мақал жақсы істі істеуге үндейді. Ендеше, әрқашан адам жақсы ниетте жүрсе ниетіне қарап, ол амалға аспаса да бір сауап іс жазыла береді екен. Мұсылман адам амалды орындамаса да, адал ниеті һәм шынайы ықыласымен амалдың толық сауабын таппақ. Хадистің жалғасында: «Егер ниет еткен жақсы істі амалға асырса, Алла тағала оған өз құзырында оннан жеті жүзге дейін, тіпті, одан неше есе көп, есепсіз сауап амалдар істеді деп жазбақ», - деп сүйіншілейді.
«Ал егер жаман күнә іс істеу ниетіне келсе, бірақ оны амалға асырмаса, Алла оған бір жақсы іс жасағанның сауабын береді» Яғни, пенденің ойына бір жамандық, бір күнә іс істеу келсе, кейін күнә кесірінен, Алланың азабынан қорқып, жаман істен бас тартса, оның амал дәптеріне періштелер бір сауап істеді деп жазып қояды екен. Алладан қорқып, күнә істі істемеу жақсылыққа жетелейді.
«Егер ниетке келген бір күнәні, амалға асырса, Алла оған бір күнә істеді деп жазады», депті. Бұл да, білі-білгенге Алланың пендесіне деген мейір-шапағаты. Егер күнәні де сауап сияқты еселеп жазамын деседе болар еді, бірақ Алла тағала олай етпеді. Өйткені, Алла тағала пенделеріне аса мейірімді, өте рахымды. Менеки, дініміздің кеңдігін қараңыз! Ислам дінінің жақсы, игі амалдарға қалай шақыратынына көңіл бөліңіз. Ақылға салыңыз, әділдігіңізді айтыңыз. Ислам дінінен басқа қандай дін жақсы істі ниет қылып, істей алмай қалса да сауап жазылады дейді. Ислам дінінен басқа қай дін бір жақсы, игі-ізгі амалды жасағанға біреу емес, екеу емес, бесеу емес, тура оннан бастап жеті жүзге дейін, тіпті, оданда көп, есепсіз сауаптардың уәдесін береді. Осы Ислам дінінен басқа дүниеде қай дін жаман ниеттен қайтқан адамға жақсы іске тең, сауапқа лайық амал жасады деп бағалайды.