بســـم الله الرحمن الرحيم
Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын.
يَاأَيُّهَا الْإِنسَانُ مَا غَرَّكَ بِرَبِّكَ الْكَرِيمِ
(Ынфатыр сүресі 6 аят)
Аудармасы: Әй адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдатты?
Тәпсірі: Әй адамзат! Құрметті және жақсылығы шексіз Жаратушы иеңе қарсы алдатқан және қарсы келуіңе не себеп болды? Не үшін Аллаға бағынбай қарсы келесің?
Түсініктемесі: Адам баласына барлық жақсылақты берген, ақыл берген, он екі мүшесі сау етіп жаратқан және ақпен қараны ажырата алатындай көз берген, күнделікті тіршілігіміздің нәрі болған ауаны шексіз етіп берген Аллаға қарсы қойған не деп адамдардан сұрап жатыр. Аяттың жалғасында, не үшін Алланың әмірлеріне бағынып, оның тыйым салған нәрселерінен бойыңызды неге аулақ ұстамайсыз деп сұрақ сұрағандай ескерту жасап жатыр.
Нәпсіміздің жетегінде кетпей, Шайтанның арбауына ермей және дүниелік істерге алданып қалмай Алланың бұйрығымен ғана әрекет етуімаізді ескертуде.