Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:26
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:44
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:14
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 7
  • Рамада́н

    1444

Кітаптар

МАЗМҰНЫ

МҰСЫЛМАННЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІ

Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі

Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын.

Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзат- тың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Қазіргі таңда тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында исламға деген қызуғышылық артуда. Бұл – қуантарлық жайт. Алайда, кейбір мұсылмандар бір ісін ұқыптылықпен атқарса, екіншісіне немқұрайлық танытуда.

Шынайы мұсылманның өмірі мен мінез-құлқы үйлесімділікке толы, имандылыққа, адамгершіліктің биік шыңына негізделеді. Қоғамымызда соған себеп болатын мұсылманның сапасын арттыратын әрі дұрыс жолмен жүруге бағыт-бағдар беретін, шынайы мүміннің келбетін бейнелейтін көптеген сипаттар бар.

Атап айтатын болсақ, шынайы мұсылман – дін талаптарына бекем, жүрегі таза, рухани асқақ, биік тұлға. Ол өзінің дініне деген ыждағаттылық білдіруімен, ықы- ласымен, ыстық махаббатымен ерекшеленеді. Бүгінгі қазақстандық мұсылмандар осы сипаттармен қатар шынайы мұсылманның төмендегі сипаттарын да үлгі ретінде ұста- нуы абзал болмақ.


  • МҰСЫЛМАННЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІ.pdf / Жүктеу
Бұл бөлімде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптама бөлімі мақұлдаған кітаптар мен кітапшалар орналастырылған.