ақпан
дүйсенбі
Раджаб
1444
МАЗМҰНЫ
|
ҚҰРАНШЫЛАР ДЕГЕН КІМДЕР?
Бүгінде елімізде Исламның қарқынды дамып келе жатқаны баршаға аян. Дін тек қана молда немесе діни басқарма қызметкерлерінің шаруасы ғана емес, жай қарапайым халықтың да жеке өмірінде өзіндік орны бар дүниеге айналды. Бұл Аллаһтың да, Аллаһ елшісінің де (с.ғ.с.) қалауы болатын. Діни кітаптар, баспалар, газет-журналдардың жарық көруі, сол баспаларда діни мақалалардың жариялануы құптарлық. Жер-жерлерде мешіттер бой түзеп, өскелең ұрпақтарымыздың рухани сусындауы да көңіл қуантарлық. Еліміздің діни басқармасы (ҚМДБ) құрылып осы айтылғандардың ұйытқысына айналуын жетістіктеріміздің жемісі деп білу керек.
|