Выбрать свой город: X
Время намаза:
  • Таң 03:08
  • Күн 04:58
  • Зухр 13:17
  • Екінті 18:50
  • Шам 21:26
  • Құптан 23:17
  • 3
  • июня

    среда

  • 11
  • Шавва́ль

    1441

Назарбаев совершил намаз в мечети Пророка Мухаммада ﷺ в Медине       |       ЗАЯВЛЕНИЕ ДУХОВНОГО УПРАВЛЕНИЯ МУСУЛЬМАН КАЗАХСТАНА ОТНОСИТЕЛЬНО ШКОЛЬНОЙ ФОРМЫ       |       Между Меккой и Мединой запустят высокоскоростной поезд       |       ВЕРХОВНЫЙ МУФТИЙ ВСТРЕТИЛСЯ С ПОВЕРЕННЫМ В ДЕЛАХ РЕСПУБЛИКИ ИРАК В КАЗАХСТАНЕ       |       ДУМК: ДУХОВНЫМ УЧЕБНЫМ ЗАВЕДЕНИЯМ БЫЛО ВЫДЕЛЕНО 373 ГРАНТА       |       ВЕРХОВНЫЙ МУФТИЙ ДАЛ ЭКСКЛЮЗИВНОЕ ИНТЕРВЬЮ НАЦИОНАЛЬНОМУ ТЕЛЕКАНАЛУ (ФОТО)       |       ОТКРЫЛСЯ ИНСТИТУТ ПЕРЕПОДГОТОВКИ СПЕЦИАЛИСТОВ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ ЭКСТРЕМИЗМА       |       Верховный муфтий проводил паломников из аэропорта Шымкента (Фото)       |       Представители всемирной огранизации «Религии за мир» посетили мечеть «Нур Астана» (Фото)       |       Компания ТОО «KAZ TRADE CORPORATION» получила Сертификат "Халал"       |       

КҮНӘ МЕН ҰЯТ

Ғалымның сөзі сүйегінен өткен төре баласы атының тізгінін бірден қызметшісіне ұстатып, өзі бұдан былай өмірін бұ дүниелік өткінші ләззаттарға алданбай, Алла Тағаланың ақ жолына түсіп, тақуалықпен өткізуге табан астында қарар берген екен.

Бірде Хасан Басри деген ғалым жолдастарымен жолда кетіп бара жатып, елге танымал жоғарғы шенді бір төренің баласын жолықтырыпты. Елге үкімі жүріп тұрған басшының баласы маймаңдаған боз жорға үстінде бір топ кызметшілерімен сырнайлатып кернейлетіп кетіп бара жатса керек. Хасан Басри жол ортасында тұрып, аз-кем жөн сұрасқаннан кейін балаға қарап:

- Ей, бай-манаптың баласы! Сендердің нені болсын, кімді болсын ақшамен өлшейтіндерің белгілі.

Мұндайға менен басқа ешкімнің жүрегі дауалай қоймас. Саған бір-екі ауыз сөз сатайын, соған келісесің бе? - депті.

- Мейлі, алайын, қаншаға сатпақсыз? - деп сұрайды.

Хасан Басри екі сөзін екі күміске бағалайтындығын айтып, екеуінің арасында мынадай әңгіме өрбиді:

- Өз үйің барма?

-Иә, бар.

Мирас қалып па еді, әлде өзің салғыздың ба?

- Өзім салғыздым.

Қанша уакытта салғыздың?

Оған уақыт көп кетті.

Күш-қуатың болатұра неге тезірек салғызбадың?

- Үйге қажетті ауыр ағаштар мен тастарды тасыған малдарға жаным ашыды. Сондықтан оларға көп жүк артқызбадым.

Хасан Басри бұл жолы:

- Ей, елге сыйлы басшының ұлы! Малдарыңа жаның ашығанда, неге өз-өзіңе жаның ашымайды? Оларға қиналмасын деп ауыр жүк артпадың, ал өзің неге мұншама ауыр күнә арқалап жүрсің? Одан да өзіңе неге жаның ашымайды?! -депті.

Аталы сөз балаға қатты әсер еткен еді. Жалма-жан атынан түсіп Хасан Басри хазіреттің қолын алыпты. Сөйтіп сабырсыздана:

- Уа, ақсақал! Екі күмісіңізді қолма-қол берейін, екінші сөзіңізді де айтыңыз, - депті жалынып. Хасан Басри екінші сөзін айтпақ болып:

- Қайда бара жатыр едің? - деп сұрайды.

Бала:

Мемлекет басшысына барып, жауапты қызмет алмақ едім, - деп жауап бергенде Хасан Басри:

Қарашы, мемлекет басшысына бара жатырмын деп барынша әдемі киініп, үстіңе хош иістер сеуіпсің. Неліктен? Өйткені мемлекет басшысы мен соның қарамағындағылардың қасына барғанда, ұялып жерге қарамас үшін. Алайда олар да жұмыр басты пенде. Сені мен менен артықшылығы жоқ. Ал енді сенен сұрайын, о дүниеге барғаныңда осыншама күнәң мен кінәларың бола тұра, Аллаһ Тағаланың алдына шығып есеп беруге ұялмайсың ба?..

Ғалымның сөзі сүйегінен өткен төре баласы атының тізгінін бірден қызметшісіне ұстатып, өзі бұдан былай өмірін бұ дүниелік өткінші ләззаттарға алданбай, Алла Тағаланың ақ жолына түсіп, тақуалықпен өткізуге табан астында қарар берген екен.

 

 

 

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.