Выбрать свой город: X
Время намаза:
  • 22
  • октября

    вторник

  • 22
  • Сафар

    1441

Назарбаев совершил намаз в мечети Пророка Мухаммада ﷺ в Медине       |       ЗАЯВЛЕНИЕ ДУХОВНОГО УПРАВЛЕНИЯ МУСУЛЬМАН КАЗАХСТАНА ОТНОСИТЕЛЬНО ШКОЛЬНОЙ ФОРМЫ       |       Между Меккой и Мединой запустят высокоскоростной поезд       |       ВЕРХОВНЫЙ МУФТИЙ ВСТРЕТИЛСЯ С ПОВЕРЕННЫМ В ДЕЛАХ РЕСПУБЛИКИ ИРАК В КАЗАХСТАНЕ       |       ДУМК: ДУХОВНЫМ УЧЕБНЫМ ЗАВЕДЕНИЯМ БЫЛО ВЫДЕЛЕНО 373 ГРАНТА       |       ВЕРХОВНЫЙ МУФТИЙ ДАЛ ЭКСКЛЮЗИВНОЕ ИНТЕРВЬЮ НАЦИОНАЛЬНОМУ ТЕЛЕКАНАЛУ (ФОТО)       |       ОТКРЫЛСЯ ИНСТИТУТ ПЕРЕПОДГОТОВКИ СПЕЦИАЛИСТОВ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ ЭКСТРЕМИЗМА       |       Верховный муфтий проводил паломников из аэропорта Шымкента (Фото)       |       Представители всемирной огранизации «Религии за мир» посетили мечеть «Нур Астана» (Фото)       |       Компания ТОО «KAZ TRADE CORPORATION» получила Сертификат "Халал"       |       

ЖӘННАТТЫҚ АДАМ

– Қазір осы жерге жәннаттық бір адам келеді, - дейді. Сахабалар таңдана бір-біріне қарасып отырғанда бір кісі кіріп келеді. Ертеңіне де, одан кейінгі күні де осы жағдай қайталанады.

ЖӘННАТТЫҚ АДАМ

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен бірге отырғанда:

– Қазір осы жерге жәннаттық бір адам келеді, - дейді. Сахабалар таңдана бір-біріне қарасып отырғанда бір кісі кіріп келеді. Ертеңіне де, одан кейінгі күні де осы жағдай қайталанады. Пайғамбар (с.ғ.с.) тұрып кеткеннен кейін сахаба Абдулла Омарұлы  әлгі кісіге жақын келіп:

– Мен әкеммен сөзге келісіп қалып, үш күн қасына бармауға ант ішіп едім. Сол үш күнді сенің қасыңда өткізсем бола ма? -деп сұрайды. Әлгі  кісі келіседі. Абдулла онымен бірге үш түн түнеп, оның түнде де намазға тұрғанын көрмейді. Жақсы сөзден басқа сөз айтқанын естімейді. Үш күн өткен соң оған былай дейді:

– Әй, Аллаһтың құлы, әкем екеуіміздің арамызда ешбір келіспеушілік болған жоқ. Бірақ Пайғамбардың (с.ғ.с.) сен келер кезде: «Қазір жәннаттық адам келеді» дегенін естідім. Сондықтан сенің қасыңда болып, іс-әрекетіңді байқағым келді. Бірақ бір артық ғибадат жасап, амал істегеніңді көрмедім. Сені жәннаттық дәрежеге жеткізген қандай амал?,– деп сұрайды. Сонда әлгі кісі:

– Мен өзің көріп тұрғаныңнан артық амал жасаған емеспін. Бірақ ешбір мұсылманға жүрегімде жамандық сақтамадым. Алладан өзіме не тілесем, өзгелерге де соны тіледім. Аллаһтан біреуге бір жақсылық жетсе, өзіме жеткендей қуандым, - дейді. Сонда Абдулла:

– Сені жәннаттық дәрежеге жеткізген амал осы болуы керек,- депті.

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.