Выбрать свой город: X
Время намаза:
  • Таң 04:02
  • Күн 05:51
  • Зухр 13:24
  • Екінті 18:29
  • Шам 20:46
  • Құптан 22:34
  • 13
  • августа

    четверг

  • 23
  • Зуль-хиджа

    1441

Назарбаев совершил намаз в мечети Пророка Мухаммада ﷺ в Медине       |       ЗАЯВЛЕНИЕ ДУХОВНОГО УПРАВЛЕНИЯ МУСУЛЬМАН КАЗАХСТАНА ОТНОСИТЕЛЬНО ШКОЛЬНОЙ ФОРМЫ       |       Между Меккой и Мединой запустят высокоскоростной поезд       |       ВЕРХОВНЫЙ МУФТИЙ ВСТРЕТИЛСЯ С ПОВЕРЕННЫМ В ДЕЛАХ РЕСПУБЛИКИ ИРАК В КАЗАХСТАНЕ       |       ДУМК: ДУХОВНЫМ УЧЕБНЫМ ЗАВЕДЕНИЯМ БЫЛО ВЫДЕЛЕНО 373 ГРАНТА       |       ВЕРХОВНЫЙ МУФТИЙ ДАЛ ЭКСКЛЮЗИВНОЕ ИНТЕРВЬЮ НАЦИОНАЛЬНОМУ ТЕЛЕКАНАЛУ (ФОТО)       |       ОТКРЫЛСЯ ИНСТИТУТ ПЕРЕПОДГОТОВКИ СПЕЦИАЛИСТОВ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ ЭКСТРЕМИЗМА       |       Верховный муфтий проводил паломников из аэропорта Шымкента (Фото)       |       Представители всемирной огранизации «Религии за мир» посетили мечеть «Нур Астана» (Фото)       |       Компания ТОО «KAZ TRADE CORPORATION» получила Сертификат "Халал"       |       

Бес парыздың бірі ғой зекет деген


Алланың бойға берген қуаты мен амандығының арқасында барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айына да іліктік. Бұл айдың адамдар үшін соншалықты қадірлі болатын себебі дәл осы айда көктен Құран кітабы түскен деседі. Сондықтан да бір Аллаға құлшылық еткен барша мұсылман жамағаты осы Рамазан айын рухани тазару және әркімнің қолынан келгенінше қайырымдылық жасайтын қасиетті айы деп есептейді. Мұсылмандық бес парыздың бірі - зекет төлеу де осы Рамазан айымен астасып жатыр.

Зекетті исламның маңызды бөлігінің бірі десек, біздің дініміздің бес парызға сүйенетіні де белгілі. Олар: Аллаға, Оның Елшісіне, Ақырет күніне сену, күніне бес мәрте намаз оқу, зекет төлеу, рамазан айында ауыз бекіту және мүмкін болып жатса, қажылық міндетін орындау. Осы жерден зекеттің аса маңызды екендігі көрініп тұр. Мұсылмандар зекетті міндет ретінде емес, оны Алланың ризашылығы үшін төлегені абзал. Бұл - қоғамды біріктіріп тұрған дін дәстүрінің бір бөлігі. Жаратушыға және өз бауырларыңа деген сүйіспеншілігіңді білдірудің амалы. Сол сияқты мұны тазарудың, өз істеріміздің тазаруының, мүліктеріміздің тазаруының бір белгісі ретінде қабылдауымыз қажет. Бізге белгілі болған пәтуаларға қарағанда, зекет төлеген кісі өзінің зекет төлеу арқылы біреулерді жарылқамағанын немесе біреуге жақсылық істемегенін, керісінше Алла тағала оған мейірімділік жасағанын, оның жүрегін ашып, зекет төлеуге деген мүмкіндік бергендігін адамдардың санасына жеткізуіміз қажет екен. Әйтпесе Алла тағала зекетті кез келген басқа жолмен де ала алады, зекет төлемеген әрбір сараң адамнан Жаратушы оны мүлкінен айыру, оның үйінің өртенуі, я қандайда бір тауарының бүлінуі, болмаса апатқа ұшырауы сияқты басқа да тәсілдермен ала алады. Себебі қайыр-садақа, зекет төлеуі арқылы адам өзін тауқыметтерден, сәтсіздіктерден зілзала салдарларынан және айтып-айтпай келетін апаттардан алыстатады.

Зекет - исламдағы айқын және реттелген ұғым. Зекет - бұл аса үлкен нәрсе емес. Оны төлеушілер үшін пәтерінің немесе үй мен қоражайының жартысын, не болмаса көлігі мен өзге де дүние-мүлкінің жартысын берудің қажеті жоқ. Зекет сіздің мүлкіңіздің болмашы ғана бөлігін құрайды. Адам өзінің күнделікті қолданып жүрген заттары есебінен зекет төлемейді. Ал егер де оншақты пәтер, осыншама көлігің болса, онда әңгіме басқа. Жұртшылық үшін қажетті тағы бір ақпарат, зекет ай сайын төленбейді, ол жылына бір-ақ рет төленеді. Исламда зекеттің төленуі туралы қағидада барлық жағдай ескерілген, егер сенің қандайда бір малың зекет төлеуге бір күн, не бір сағат қалғанға дейін өліп қалса, онда ол малдан зекет төленбейді. Зекет қағидаларының соншалықты сауатты әрі бірегейлігі кез келген адамға үміт беріп отырады. Өйткені сен зекет төлей отырып, біреуге көмектескеніңе өзің қуанасың. Пайғамбар (с.ғ.с.) бізге: «жақыныңа көмектеспей тұрып, жақын көршіңді тамақтандырмай тұрып, ұйқыға жатпа» - деп үйреткен екен. Имандылыққа жетелейтін жақсы амалдар жасау елімізде дұрыс жолға қойылып келеді десек, артық айтқандық болмайды. Мәселен, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен құрылған Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры еліміздің дәстүрлі діні Ханафи мазхабы мен исламды дамытуға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруда көлемді шараларды жүзеге асыруда. Қор құрылған аз ғана уақыттың ішінде жалпы көлемі екі миллионнан асатын діни оқулықтар мен брошюралар шығарды. Мұның барлығы еліміздің мешіттері мен медреселерінде тегін таратылуда. Ата-бабамыз ұстанып өткен дінімізді насихаттауға арналған соңғы шаралардың бірі - Астана күніне орай салтанатты жағдайда халыққа пайдалануға берілген «Әзірет Сұлтан» мешітінің ашылуында жүзеге асты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан бұл шарада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі жаңадан басылған діни әдебиеттерді тегін үлестірді. Бұл да қайырымы мол, жұртшылықты имандылыққа тәрбиелейтін қайырлы қадамдардың бірі екені даусыз.

Осы жерде баса айтатын тағы бір мәселе, Қор өз қызметі аясында исламдық білім беруде де нақты жобаларды жүзеге асырып келеді. Қор мен «Нұр Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университеті арасында келісім жасалып, осыған сәйкес 2011-12 оқу жылында исламтану (бакалавриаттар дайындау) факультетінің студенттері үшін 8 орынға және жоғару оқу орнының магистранттары үшн 10 орынға грант бөлді. Ал мұның алдында ҚМДБ жанындағы медресенің түлектері үшін 15 орынға грант бөлінген болатын. Еліміздегі имамдардың біліктілік деңгейін арттыру мақсатында ханафиттік бағыттағы дәстүрлі дініміз туралы баяндайтын 24 бейнефильм әзірленіп, ҚМДБ-ға қарайтын үш мыңнан астам дін қызметкерлеріне тегін таратылып берілді. Қор жанынан құрылған телестудияда «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Мәдениет» арнасынан көрсетілетін «Иман айнасы» атты діни танымдық-сараптамалық бағдарламасы түсіріліп жүр. Көрермендер үшін ең ыңғайлы уақыт саналатын мезгілде көрсетілетін хабардың аудиториясы өте кең. Хабардың тақырыптарына байланысты қалың көрермен тарапынан толассыз келетін хаттар жиынтығы, бағдарламаның қоғамға қаншалықты қажет екендігін дәлелдейді. Сонымен қатар «Ел арна» арнасынан екі тілде көрсетілетін «Сенім.Білім.kz» және «Я верю.kz» бағдарламалары еліміздегі рейтингтік көрсеткіштердің көш басында келеді. Негізінен жастар аудиториясына арналған бағдарлама өз көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген және отансүйгіштік пен имандылыққа тәрбиелейтін таңдаулы хабарлардың біріне айналды. Студияның техникалық мүмкіндігінің жоғарылығы мен ұжым арасындағы салауатты қарым-қатынас сапалы хабарлар дайындаудың кепілі болып отыр.

Мақаланың желісі бірді айтып, екіншіге кеткендей әсер қалдыруы мүмкін, бірақ шын мәнісінде олай емес. Біз қасиетті Рамазан айы мен бес парыздың бірі зекет туралы айта келіп, айлардың сұлтаны саналатын қайырымы мол қасиетті айда Қор тарапынан жасалып отырған игілікті шаралар жөнінде де мейлінше мол мағлұмат бере кетуді жөн көрдік. Қордың қол жеткізген тағы бір тартымды ісі, жұртшылық арасында үлкен пікірталас туғызған, екі тілде қойылған әйгілі «Адасқандар» (Заблудившиеся) және «Өмір хикаялары» (Путь к истине) деректі фильмдері дер едік. Аталған фильмдер талғамы жоғары саналатын КТК арнасынан көрсетілді, қазір еліміздегі басқа да арналар осы деректі фильмдерді өз арналарында көрсету үшін келіссөздер жүргізуде.

Тағы бір айта кететін мәселе, «Қазақстан» ұлттық арнасынан Қордың студиясы түсірген 12 сериялы «Даналардың ізімен» деп аталатын көркем-публицистикалық тарихи фильмдер көрсетіле бастамақ. Бұл фильмде қазақ даласынан шыққан ислам ғұламалары жөнінде, әлем мойындаған ұлы ғалымдардың бізге беймәлім болған тұстары жайында сөз болады. Сценалық көрсетілімге құрылған фильмдер өте тартымды, ойы терең, айтпағы ауқымды дүниелер болып шықты.

Ислам жөнінде дұрыс білім қалыптастыру мақсатында да ауыз толтырып айтарлықтай істер атқарылды. Қор интернет желісімен де жемісті жұмыстар жүргізуде, атап айтқанда Sunna.kz агенттігі ашылып, дәстүрлі дінімізді насихаттауда лайықты шаралар ұйымдастырылып жатса, қыз-келіншектер үшін Muslіma.kz cайты ашық, ал ислам оқу орнында оқитын жасөспірімдер үшін Shakіrt.kz сайты өз қызметін ұсынуда. Ал дәстүрлі ислам жайлы діни әдебиеттер алғыңыз келсе, Іslamfund.kz сайты арқылы көңіліңіз қалаған оқулықтарды тапсырыс беру арқылы тегін алуыңызға болады.

Осы айтылғандай қыруар істі тындырып отырған Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы жанынан құрылған «Зекет» қорына да қолдан келгенше көмек көрсетіп, әдістемелік қолдаулар танытуда. Бұл жердегі жалпыға ортақ басты міндет «Зекет» қорының аяқтан тұрып кетуіне жағдай туғызу, бұл ретте халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып іс жасаған Қор мамандары белгіленген міндеттердің орындалуына барлық күш-жігерін жұмсап бағуда. «Зекет» қорын құрудағы басты мақсат - діни оқу орындарына қаржылай көмек көрсету, мешіт салу және оны жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, табысы төмен отбасыларына қолдан келгенше қаржылай қарайласу секілді өзекті мәселелерді шешу болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында айтқан «Қоғамдағы бақуатты адамдар мен табысы төмен жандар арасындағы айырмашылықты мейлінше қысқарту керек, әлеуметтік мәселелерді шешу, сонымен қатар төзімділікті дамытып, адамдар арасындағы өзара сенімділікті жетілдіру қажет» деген қанатты сөзін жүзеге асыру «Зекет» қорының міндеті саналады. Осы тұрғыдан келгенде, зекеттің қоғамдағы орны ерекше. Зекет діни ортада қайырымдылық секілді ізгі амалдың алдыңғы қатарға шығуына сеп болатын күш. Қасиетті Құран кітабын оқитын мұсылман баласына «Намаз оқыңдар және зекет төлеңдер» деген сөздер жақсы таныс.

Құран талаптарын орындау мақсатында Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры зекет туралы түрлі-түсті түсіндірмелік кітапшалар шығарып, оларды республикамыздың барлық аймақтарындағы мешіттерде, ауызашарларда халыққа тегін үлестіріліп жатыр. Зекет туралы, оның мақсаты мен міндеттері жайлы түсіндіру - бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының мұрындық болуымен www.zeket.org.kz сайты ашылды, осы сайт арқылы кез келген адам Зекет қорының жұмысымен жан-жақты таныса және өздерін қызықтырған ақпараттармен қаныға алады. Сонымен қатар зекет төлеуді өзіне мұсылмандық парыз санаған дәулетті адам сайттағы арнайы есептегіш арқылы өзінің жыл сайынғы міндетті төлем мөлшерінің көлемін анықтап алуына болады. Жұртшылыққа жеткізер тағы бір жағымды жаңалық туралы айтар болсақ, бүгінгі күнде зекет төлеудің жеңілдетілген жолдары қолданысқа енген. Әл-Азхардың пәтуалар жөніндегі комитетінің шешімімен зекетті интернет арқылы төлеудің мүмкіндігі шешілді, Ислам шарттарына сәйкес нақты көзделген адамға интернет арқылы ақша аударуға да болады.

Зекет төлемдерін жинау арқылы мешіттер салудың немесе мешіттерді жөндеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады, сонымен бірге тұрмысы нашар, аз қамтылған жандар мен кедей-кепшіктерге, «Нұр Мүбарак» университетінің студенттері мен медреседе оқитындарға шәкіртақы тағайындаудың, ауыл имамдарына жалақы төлеу мәселелері де Зекет қоры арқылы шешілетін болады.

Зекет қорын жолға қою арқылы Қазақстандағы дәстүрлі исламды дамытудың тың мүмкіндіктері пайда болады. Біле білген адамға бұл науқандық шара емес. Зекет қорын жолға қою арқылы біздер бабаларымыз салып кеткен әлеуметтік-экономикалық институтты қайта қалпына келтіреміз.

Ардақ Досжан

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.