Выбрать свой город: X
Время намаза:
  • Таң 04:18
  • Күн 06:01
  • Зухр 13:23
  • Екінті 18:21
  • Шам 20:34
  • Құптан 22:17
  • 20
  • августа

    вторник

  • 18
  • Зуль-хиджа

    1440

Назарбаев совершил намаз в мечети Пророка Мухаммада ﷺ в Медине       |       ЗАЯВЛЕНИЕ ДУХОВНОГО УПРАВЛЕНИЯ МУСУЛЬМАН КАЗАХСТАНА ОТНОСИТЕЛЬНО ШКОЛЬНОЙ ФОРМЫ       |       Между Меккой и Мединой запустят высокоскоростной поезд       |       ВЕРХОВНЫЙ МУФТИЙ ВСТРЕТИЛСЯ С ПОВЕРЕННЫМ В ДЕЛАХ РЕСПУБЛИКИ ИРАК В КАЗАХСТАНЕ       |       ДУМК: ДУХОВНЫМ УЧЕБНЫМ ЗАВЕДЕНИЯМ БЫЛО ВЫДЕЛЕНО 373 ГРАНТА       |       ВЕРХОВНЫЙ МУФТИЙ ДАЛ ЭКСКЛЮЗИВНОЕ ИНТЕРВЬЮ НАЦИОНАЛЬНОМУ ТЕЛЕКАНАЛУ (ФОТО)       |       ОТКРЫЛСЯ ИНСТИТУТ ПЕРЕПОДГОТОВКИ СПЕЦИАЛИСТОВ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ ЭКСТРЕМИЗМА       |       Верховный муфтий проводил паломников из аэропорта Шымкента (Фото)       |       Представители всемирной огранизации «Религии за мир» посетили мечеть «Нур Астана» (Фото)       |       Компания ТОО «KAZ TRADE CORPORATION» получила Сертификат "Халал"       |       

Информационно-познавательный портал «sunna.kz»

«Sunna.kz» ақпараттық, ағартушылық, танымдық порталы Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мештінің ресми сайты.

Портал жұмысын 2012 жылдың 12 сәуірінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан берілген № 12651-ИА мемлекеттік куәлігі негізінде БАҚ ретінде тіркеліп, діндарлар мен дінге ықыласты азаматтар үшін ақпараттық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-танымдық интернет-ресурс тұрғысында дәстүрлі исламның ханафилік мазхабын насихаттаумен әрі оның ілімдерін терең талдай отырып түсіндірумен жүйелі түрде айналысып келеді.

«Sunna.kz» ақпараттық, ағартушылық, танымдық порталының мақсаты – салт-дәстүрімізге сіңіп, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан Ханафи мәзһабындағы Ислам дінінің асыл құндылықтарын халықымыз назарына ұсыну.

Портал бүгінгі күнгі Ислам ілімі мен оның тарихын саралайтын қазақстандық бірден-бір мәліметтер орталығы болып есептелінеді. Порталда қазақ, орыс тілдерінде қазақ халқының ежелден ұстанып келген ханафи мазхабындағы дәстүрлі ислам дінінің негіздерін насихаттайтын, жамағатты хақ дініміздің рухани құндылықтарына баулитын, жастарды теріс пиғылдағы жат ағымдардан әрі күмәнді ғаламтор көздерінен аластауға ықпалы тиетін мазмұнды материалдар қоры жинақталған. Мұнан тыс «Sunna.kz» сайты соңғы дәстүрлі ислам ілімінің негіздерінің тарихы мен құндылықтары туралы мол ақпараттар топтамасын әзірлеп, керек деген деректерді мүдделі орындарға беруге әрдайым дайын.

Күн сайын өзгеріп тұратын жаңалықтардан өзге дәстүрлі ислам біліміне, ғылымына, мәдениетіне қатысты анықтамалық ағартушылық сипаттағы ақпараттар дайындаумен айналысады. Ол үшін қасиетті Құран Кәрім кітабының толық мазмұнымен таныстыратын, Намаз оқу тәртібін және Қажылыққа барудың ерекшеліктерін үйрететін, Зекет беру мен Ораза ұстаудың жолдарын көрсететін, айдарлар ашылып, үзбей жұмыс істеп келеді. Бұл тұрғыда «Портал қонағы», «Интернет конференция», «Сұрақ-жауап» айдарлары ұйымдастырылып, олардың қызметтері үздіксіз жүргізіліп келеді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани мұрасы» айдарымен халқымыздың мақтанышы, дін ғұламасы Сәдуақас қажы Ғылманидың бұған дейін жарық көрмеген діни еңбектері мен әдеби мұраларын біртіндеп оқырман назарына ұсынып отыратын боламыз. Сайтты қолға алу барысындағы тағы бір өзгешелігіміз видео дәрістер арқылы ер-әйелдердің дәрет алу, намаз оқу үлгісін, Құран оқып үйрену ережелерін үйрететін арнайы «Сауат ашу сыныбы» бар. Ислам терминдерінің энциклопедиялық сөздігі, елімізде жарық көрген діни әдебиеттердің қоры бар.

Порталда дәстүрлі исламның ханафи мазхабына арналған ғылыми, оқулық, анықтамалық электронды кітапхана әрі фотокөрме жұмыс істеп, осы тақырыптағы материалдар аудио және видео сабақтары үлгісінде берілуде. Сондай-ақ «Иман айнасы», «СенімБілім.kz-Яверю.kz» телебағдарламаларының жалпы саны 60-қа жуық қазақ және орыс тілдеріндегі видеоөнімдері көрсетіледі.

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің мекен-жайы: Сабыр Рахымұлы көшесі, 95. тел: +7 7172 324054, 323228

sunnakz@bk.ru, islamshakirt@mail.ru

________________________

Что такое Сунна?