Выбрать свой город: X
Время намаза:
  • Таң 04:02
  • Күн 05:51
  • Зухр 13:24
  • Екінті 18:29
  • Шам 20:46
  • Құптан 22:34
  • 13
  • августа

    четверг

  • 23
  • Зуль-хиджа

    1441

Назарбаев совершил намаз в мечети Пророка Мухаммада ﷺ в Медине       |       ЗАЯВЛЕНИЕ ДУХОВНОГО УПРАВЛЕНИЯ МУСУЛЬМАН КАЗАХСТАНА ОТНОСИТЕЛЬНО ШКОЛЬНОЙ ФОРМЫ       |       Между Меккой и Мединой запустят высокоскоростной поезд       |       ВЕРХОВНЫЙ МУФТИЙ ВСТРЕТИЛСЯ С ПОВЕРЕННЫМ В ДЕЛАХ РЕСПУБЛИКИ ИРАК В КАЗАХСТАНЕ       |       ДУМК: ДУХОВНЫМ УЧЕБНЫМ ЗАВЕДЕНИЯМ БЫЛО ВЫДЕЛЕНО 373 ГРАНТА       |       ВЕРХОВНЫЙ МУФТИЙ ДАЛ ЭКСКЛЮЗИВНОЕ ИНТЕРВЬЮ НАЦИОНАЛЬНОМУ ТЕЛЕКАНАЛУ (ФОТО)       |       ОТКРЫЛСЯ ИНСТИТУТ ПЕРЕПОДГОТОВКИ СПЕЦИАЛИСТОВ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ ЭКСТРЕМИЗМА       |       Верховный муфтий проводил паломников из аэропорта Шымкента (Фото)       |       Представители всемирной огранизации «Религии за мир» посетили мечеть «Нур Астана» (Фото)       |       Компания ТОО «KAZ TRADE CORPORATION» получила Сертификат "Халал"       |       

Заңқоев Қалижан Байырбекұлы

Астана медресесінің директоры

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Алғабас ауылында 20.01.1977 жылы дүниеге келген.

1992-1997 жылдары Өзбекстан Республикасының Андижан қаласындағы «Саид Мухиддин Махдум» медресесінің «Имам-Хатиб» мамандығын бітірген.

1998-2000 жылдары аралығында Түлкібас ауданы мен Шымкент қаласында найб имам қызметін атқарған.

2000-2002 жылдары Алматы қалалық орталық мешітінің бірінші найб имамы болса, ал 2002 жылдың тамыз айынан бастап, Астана қаласының бас имамы болып қызмет атқарды.

2013 жылы 20 қыркүйектен  бастап "Астана" медресесінің директоры болып қызмет атқарып келеді.

2007 жылы шілде айында Елбасының қолдауымен «Нұр Астана» орталық мешітінің жанынан «Астана» медресесі ашылды. Сол күннен бастап, Қалижан қажы Байырбекұлы Елордамыздан ресми түрде ашылған тұңғыш «Астана» медресесінің директоры болып тағайындалды.

2008 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетінің филология факультетінің сыртқы бөлімін бітірді. Аталмыш оқу орнының Түркология факультетінің магистрі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер Басшылары съезі хатшылығының өкілі, Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, ҚМДБ-ның төралқа мүшесі.

2008 жылдың наурыз айында Бас мүфти Ә.Дербісәлі бастаған делегациямен Египетте өткен XX Ислам конференциясы, 2011 жылы 14-15 қарашада Мәскеуде өткен «Ресей және Ислам әлемі. ТМД кеңістігіндегі модернизацияландырудың көп бағыттылығы» атты VII мұсылман форумына қатысты.

Алғыс хаттары

2003 жылдың қазан айында Әлем діндері съезін ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін ҚР Президенті Әкімшілігінің алғыс хатымен, 2005 жылы ҚР Президенті Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 10-жыл» медалімен, 2008 жылы шілде айында ҚР және оның Астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін ҚР Президенті Жарлығымен «10-жыл Астана» медалімен, 2008 жылдың 5 желтоқсанында ҚР Президентінің № 4913 жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен, 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астана қаласындағы VII-ші Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммитін дайындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін ҚР Президентінің алғыс хатымен, 2011 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Еңбектері

2006 жылы 3000 данамен үш тілде «Нұр Астана» атты кітабы жарық көрді.

2009-2010 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінде жамағатқа әйгілі ғалым Абдуррахман әл-Бәшаның «Суар мин хаятис-сахаба» атты кітабынан дәріс жүргізді. 65 сахабаның өмірін қамтыған бұл еңбек «Сахабалар тарихы» деген атпен аудио түрінде алты үн таспаға жазылып, 5 мың данамен басылып, мұсылман жамағатына тегін таратылды.

2012 жылы Отырар даласында Зернұқ (Зарнұдж), шаһарының перзенті, жерлесіміз Имам Зәрнужидің «Таълим әл-Мутаъаллим» атты еңбегін «Тәлімгер тағылымы» деген атпен аударып шықты. Еңбек он мың тиражбен басылып, еліміздегі барлық медресе шәкірттері мен жалпы халыққа тегін таратылды.

2006 жылы туған жері Алғабас ауылында мешіт тұрғызды.