Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:50
  • Күн 06:24
  • Бесін 13:20
  • Екінті 18:00
  • Шам 20:07
  • Құптан 21:42
  • 10
  • сәуір

    жұма

  • 16
  • Ша’ба́н

    1441

Қазақстан Республикасының Президентінің Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзі 05.09.2012

Тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін этносаралық және дінаралық қатынастар институттарын дамыту өте маңызды.

Діни және этностық кемсітушілік, сондай-ақ осы негіздегі қылмыстар үшін жазалаудың заңнамалық шараларын қатаңдату қажет.

Қазақстандықтар экстремизм мен радикализмді қабылдамайды.

Бүгін, ХХІ ғасырда біз «шыны әлемде» өмір сүріп жатырмыз.

Бұл әлем – мөлдір және нәзік.

Мұнда тас лақтыруға болмайды.

Оны сақтай білу керек.

140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық.

Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту.

Біз әлемдік мұхитта өз бағытымен аман-есен жүзіп келе жатқан қайығымызды ешкімнің шайқауына жол бермейміз.

Біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық.

Этностық және діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау.

Осының арқасында біздің әралуандығымыз біздерді бөлмейді, қайта біріктіреді.