Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:10
  • Күн 05:03
  • Бесін 13:16
  • Екінті 18:46
  • Шам 21:21
  • Құптан 23:14
  • 29
  • мамыр

    жұма

  • 6
  • Шавва́ль

    1441

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үшінші съезі

«Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі посткеңестік кеңістікте барынша табысты тәжірибелердің бірі ретінде мойындалған.

Біздің елімізде 3200 дерлік мешіттер, шіркеулер мен ғибадат үйлері жұмыс істейді. Бұрнағы күні ғана осында, Астанада мен жаңа Күмбезді мешіт тұрғызылатын жерге құты салдым.

Екінші Съезге салынған Бейбітшілік және келісім сарайы өткен үш жылда еліміздің шынайы рухани орталығына айналды. Мұнда түрлі конференциялар мен форумдар жүйелі өтіп тұрады.

Мен өткен Съезде уәде еткенімдей, біз Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығын құрдық, ол да осы Сарайда орналасқан.

Мемлекеттің қолдауымен Қазақстанда Ислам мәдениеті мен білімінің қоры құрылуда».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдау білдірген айтулы бастамаларының бірі 2010 жылды "Халықаралық мәдениеттер жақындасуының жылы" деп жариялау болды.

Сондай-ақ, Қазақстанға алдағы жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға және Ислам Конференциясы Ұйымына басшылық жасаудың жоғары сенімі көрсетілгенін мақтанышпен атап өте аламын.

Біз ЕҚЫҰ және ИКҰ бойынша өз әріптестерімізге Съездің шешімдері мен ұсыныстарын мақсатты түрде жеткізіп, оларды өз төрағалығымыздың кезеңінде іске асыруға ұмтылатын боламыз».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Бүкіл адамзатқа сөз арнаған Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) бұл өмірдегі өз миссиясының басты мақсатын айқын тұжырымдаған: "Мен ізгіліктің тектілігін жетілдіру үшін ғана жіберілгенмін"».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Халықаралық қатынастардың жаңарған жүйесінде үлкен және шағын елдерге, "жақсы" және "жаман" халықтарға бөлу болмауға тиіс. Осынау жаңа дүние баршаға ортақ сенім мен құрметтің, әріптестік пен үнқатысудың дүниесі болуы тиіс.

Сондықтан да бізді АҚШ-тың жаңа басшылығының мұсылман әлемімен өзара түсіністікті жолға қоюға деген ұмтылысы қанаттандырады. Әлемде маңызды өзгерістер бола бастағанының белгісі бұл.

Біз сондай-ақ Сауд Арабиясы Королінің мәдениеттер мен діндер үнқатысуы туралы ұсынысына қолдау білдіреміз».