Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:10
  • Күн 05:03
  • Бесін 13:16
  • Екінті 18:46
  • Шам 21:21
  • Құптан 23:14
  • 29
  • мамыр

    жұма

  • 6
  • Шавва́ль

    1441

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезі

«Біз сақтап және нығайтып отырған ұлысаралық және конфессияаралық келісім түбегейлі және кең ауқымда қайта құруларды қарқынды жүргізуге мүмкіндік берген іргетас болғандығына сенімдімін. Ол саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы табыстарды қамтамасыз етті. Ал мұны бүгінде қалың жұртшылық мойындаған».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Халықтардың, діндердің, мемлекеттердің және үкіметтердің бейбіт қатар өмір сүруі мен сындарлы өзара іс-қимылы туралы мәселе қазіргі уақытта айрықша өзек жарды маңызға ие болуда. 
Ол таза теориялық көзқарастан маңызды практикалық міндеттердің қатарына қосылды. 
Сондықтан да көптеген саяси және діни қайраткерлердің күш-жігерлерімен бағзы заманнан бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан діндер, мәдениеттер, өркениеттер арасындағы диалогты жалғастыру аса маңызды оқиға болып табылады». 

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Өкінішке орай, біз қазір діннің адамдарды саяси әрекетке жұмылдыру мүмкіндігінің игі мақсатқа жұмсалмай отырғанының куәсіміз.   «Қасиеттілік» санатының өзіндік мазмұны бұзылуда. Оның мазмұнын дұрыс түсіндірмеудің салдары - адами заңдарды жеккөрушілікке, моральмен, адамгершілікпен, ізгілікпен, кез-келген діннің негізгі қағидаларына сай келмейтін іс-әрекеттерге жетелейді. 

Мен, мәдени-өркениетті және діни көптүрлілікке идеологиялық, саяси мән беруге жол бермеу керек деп мәлімдейтін уақыт келді, деп санаймын. 

Біз, бүгінде доктрина мен жалған діни қағидалар ретінде түсіндіріліп отырған зорлық пен зомдылық актілерінің ақиқат мәнін танып, әшкерелеуді үйренуіміз керек». 

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Олардың бастысы - руханиат, имандылық. Олардың негізгі көзі әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерін, өзіндік тарихи әрі мәдени тәжірибесін сақтаушы дін болып табылады». 

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Тек сабыр мен серіктестік арқылы біз лаңкестік, жаппай қырып-жою және кез-келген өзге қарудың таралуы, есірткі саудасы мен оның салдарлары, экологиялық апаттар, заманымыздың өте ауыр физикалық және әлеуметтік аурулары секілді бүкіләлемдік зұлымдық көріністерімен күресте жеңіске жете алмақпыз».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

 «Сіздердің назарларыңызды барлық түрлі жалған діни бірлестіктердің санының өсуі мен әсері сияқты тағы бір проблемаға аударғым келеді. Олар әр елде бар және негізінен қазіргі замандағы бар қиыншылықтарды негізгі алады.

Олардың көпшілігі қазіргі сән болып кеткен жасандылықпен сұрқия идеяларды уағыздап, игіліктен ада істерді жасап, қорытындысы дін тұрақтылығын, азаматтық қоғамды ғана емес мемлекетті де бұзуы мүмкін.

Біз бұндай ұйымдарға қарсы тұруымыз, олардың іс-әрекетіне тиым салып, біздің азаматтарымызды олардың теріс әсерінен қорғауымыз керек.

Біздің барлығымыз үшін барлық әлемдік, дәстүрлі - ұлттық діндер үшін жалпы болып табылатын адамгершілік пікірлердің жоғалмайтын өзектілігі барынша айқын бола түседі».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Біз бір қарапайым, шынайы шындықты түсінуіміз керек - біздің барлығымыз осы қазіргі заманда өзара тәуелдіміз. Және осы өзара тәуелділік кез келген тербеліс пен өзгешелікке барынша нәзік және сергек тетік болып табылады.

Біздің жалпы үйіміз біздің ел ғана емес біздің барлық Жер шарымыз екені маңызды.

Және біздер біздің балаларымыз, немерелеріміз және шөберелеріміз бейбіт өмірде, сау ортада, өзге халық және конфессиялармен келісімде өмір сүруін, соғыс пен жоқшылықты білмеуін қалаймыз.

Біздің іс-әрекетіміз, біздің құлшылық етулеріміз және жан ашу сезімдері Жер шарының ыстық нүктелеріндегі, түрлі наразылық аймақтарында миллиондаған адамдардың қасіреттері тоқтайтын ашық уақытқа жақындауымызға көмектеседі деп сенемін.

Біздің барлығымыз үшін Таяу Шығыста көптен күткен бейбіт өмір келетін, Балкандағы, Оңтүстік Азиядағы кейбір өңірлерде, Африка континентінде және өзге жерлерде шиеленістер тараған күн бақыт пен игілік күні болады деп үміттенемін».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Маған сезілгендей Төзімділік, Шындық, Әділдік және Махаббат сияқты мәңгі шындықтар жолын ұстаушы біздерді растайтын формуланы жасадық деп ойлаймын.

Бұл біз қабылдаған Декларацияда көрініс тапты.

Біздер дін атын жамылған экстремизм, сепаратизм, терроризм және зомбылықтың өзге түрлері дінді шынайы түсінумен ешбір ортақтығы жоқ және адамзат үшін қауіп болып табылады деген ортақ пікірге келдік».