Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:10
  • Күн 05:03
  • Бесін 13:16
  • Екінті 18:46
  • Шам 21:21
  • Құптан 23:14
  • 29
  • мамыр

    жұма

  • 6
  • Шавва́ль

    1441

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезі

«Бірінші форумнан беріде өткен уақытта дінаралық үнқатысудың мәні тек кана өсе түсті. Өкінішке орай, осы жылдары әлемнің барлық дерлік континенттерінің аумағында болған көптеген қайғылы оқиғалар сандаған жанжалдарды бір ғана саяси немесе күш қолдану шараларымен шешу мүмкін еместігін тікелей де тиянақты түрде көрсетіп берді.

Бұл ғана емес, "Қүдайды іздеу" пердесін жамылып барша ұлы ұстаздар айыптайтын шын мәніндегі үрейлі әрекеттер жасалуда. Екінші жағынан, белгілі бір дінді агрессияшыл деп айыптаудың біржақты әдеті айқын әлпетке көшті.

Осынау өзара үзілді-кесілділік бәсендейтін емес. Дегенмен өркениетті адам - бүл кейде өз көзқарастарына күмән келтіріп, жағдайға басқа көзбен қарауға қабілетті адам. Мұның өзі кей кезде саясатшыларда жетісе бермейді. Бірақ та жаңағындай қасиеттер биік руханият адамдарын, оның үстіне бүтін осынау тамаша залда отырған адамдарды әрдайым даралап тұрады».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Біреу үшін қасиетті нәрсе басқа біреу үшін әзіл немесе келемеж тақырыбы болмауы керек. Бүл қарапайым кағида, өкінішке орай, оны журналистер мен саясатшылар ғана емес, сонымен бірге басқа діндерге қатысты өз сөздеріне немқұрайды қарайтын дін қызметшілерінің өздері жиі бұзады.

Біз Қазақстанда 40-тан астам конфессияның өкілдері бейбіт қатар өмір сүруде деп жиі қайталаймыз. Және бүл жай айтылған сөз емес - соңғы 15 жылда сіздер бір де бір қазақстандық газеттен немесе телеарнадан белгілі бір дінді ұстанушылардың сезімдерін қорлауды көре алмайсыз. Бүған ел Конституциясы тыйым салады. Бүл ретте осы жылдары ешкімді жазалауға тура келген жоқ. Жауабы мен түсініктемесі қарапайым ғана - қоғамда тұтастай алғаңда барлық діндарларға төзімділік пен түсіністік ахуалы қалыптасты».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Қазақстан өзінің нактылы саясатында адамның ішкі бостандығы ғана конфессияаралық төзімділіктің шарты екенін басшылыққа алады. Тап сондықтан да, тарихи тұрғыдан исламның мәдени материгінің бір бөлігі бола тұра, біз Казақстандағы барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өркен жаюына кедергі келтірмейміз».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Қазактарда бағзы замандардан бері әр өңірдің өзінің әулиесі, өзінің рух берер күштері, өзінің сыйынар аруақтары болған. Адамның, діннің, жердің мұндайлық терең өзара кірігуі - жүздеген жылдар бойы менің халқымның жанын сақтап қалған кұтқарушы сүзгі сынды. Казақтар кең болғанның кем болмайтынын кітаптан оқып емес, өмірден тоқып білген».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Қазақстан халкының басым көпшілігі өздерін мұсылман санайды. Сонымен бірге исламның Казақстанда басымдыкка ие болуы баска діндерді ұстанушылардың өздерінің әдет-ғұрыптарын толыққанды атқаруына тіпті де кедергі келтірмейтінін қадап айтамын».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Ұлтаралық және дінаралық келісімнің бізде қалыптасқан үлгісі - Казақстанның әртүрлі конфессиялардың өзара іс-әрекет етуінің жалпыәлемдік үрдісіне қосқан үлесі. Бізді халыкаралық ауқымда дәл осылай танығанын қалаймыз».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Біз бүгін, адамзат баласына Жаратқан иеміз тарту еткен бірегей құндылықтар - өзара түсіністік, бейбіт өмір, берекелі тұрмыс пен ортақ мәмлеге қарай тағы бір ұлы қадам жасадық.

Біз баршамызға аян мына бір шындықты ешқашан естен шығармауымыз керек: Жаратушы - жалғыз, дүние - ортақ, аспан асты - кең, ендеше, біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізбен береке-бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек.

Байқап қарасаңыздар, соңғы уақытта дүниенің түкпір-түкпірінде жаһандық жаңа қатерлер бой көтерді. Сондықтан да түрлі діндердің ғасырлар бойы жинаған мол жасампаздық тәжірибесін пайдаланып, Құдай сөзін бітімгершілік пен келісімнің пәрменді құралы ретінде пайдалануымыз керек».

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

«Мен мәдениет пен діндер диалогын қамтамасыз етудегі Қазақстан күшін, біздің ұлттық, мәдени, діни төзбеушілікпен күрес бойынша іс-әрекетімізді жоғары бағалаған Съезд қатысушыларына ризамын. Бұл үнемі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының түйінді басымдылықтарының бірі болып қалады.

Осыған байланысты бүгінгі күні Съезд бастамасы астынан Халықаралық мәдениет және діни орталығын құру туралы бастаманы жариялағым келіп отыр».