«Құлбайымбет» мешіті Жуалы ауданы, Ертай ауылы, Ертаев көшесінің бойында тұрғызылған. 2007 жылы Ауған соғысының ардагері генерал-лейтенат Бақытжан Ертаев өз қаражатына салды.
«Әбдіқадыр» мешіті Жуалы ауданы, Әбдіқадыр ауылында орналасқан. Жергілікті азаматтар Талғат пен Біржан Жүргеновтер 2007 жылы оны өз қаражаттарына салдырған.