Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 06:13
  • Күн 07:39
  • Бесін 13:04
  • Екінті 16:28
  • Шам 18:19
  • Құптан 19:45
  • 20
  • қазан

    сенбі

  • 9
  • Сафар

    1440

Жүсіп Баласағұнның аз сөйлеу туралы айтқаны

Қара жерге жасыл көктен келді сөз, Сөзбен адам ұлы болды, енді сез! ...Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін, Бір сөзбен шеш түмән сөздің түйінін.

Қара жерге жасыл көктен келді сөз,

 Сөзбен адам ұлы болды, енді сез!

 ...Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,

 Бір сөзбен шеш түмән сөздің түйінін.

 (Көрген емен көбік сөзбен оңғанды,

 Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!)

 Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар,

 Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.

 Көп сөйлесең, "Езбесің" - деп жек көрер,

 Сөйлемесең, "Мылқау" - екен, деп сөгер!

 Бұлай болса, тең ортасы - керегің,

 Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің!

 Тіліңді бақ, басың аман болады,

 Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.

 (Тілді күтіп, бақсаң - аман басың да,

 Сөзді қысқа қылсаң - ұзын жасың да!)

 Зияны көп, пайдасы мол - ақталар,

 Сондықтан тіл мақталар да, датталар!

 Біліп сөйлеп, сөзіңде сөл, өң болсын,

 Сөзің түпсіз қараңғыға, көз болсын!

 (Тауып сөйле сөзің оңды, жөн болсын,

 Сөзің, басыр адамдарға көз болсын!)

 Біліксіздер өзі нағыз басырдың,

 Білім үйрен, надан, көзің ашылсын!

 (Біліксіздер - надан, көзін байлаған,

 Білімдіден өнеге ал, ей надан!)

 Туған өлер, көрсең қалар белгісіз,

 Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де өлгісіз!

 Қос нәрсені шалмас қарттық құрығы:

 Бірі - ізгі сөз, бірі ізгі құлығы!

 Туған адам өліп сөзі қалады,

 Өзі кетіп, ізгі аты қалады!

 Тіршілікте келсе өзіңнің өлмегің –

 Сөз, құлқыңды жақсарт, оңда, ей, бегім?!

 Тілді сөктім, һәм мадақтап демедім,

 Мұным - сөздің сырын ұқсын дегенім.

 

Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастанынан.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.