Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 06:13
  • Күн 07:39
  • Бесін 13:04
  • Екінті 16:28
  • Шам 18:19
  • Құптан 19:45
  • 20
  • қазан

    сенбі

  • 9
  • Сафар

    1440

Үтікті қалай тазалаймыз?

  • 869
  • 0
  • 23.03.17

Тұз

Қағазға тұз сеуіп, үстінен ып-ыстық үтікпен басыңыз.Ескерту: үтіктің табанындағы қара дақтар кеткенше басу қажет.

Сутегі тотығы

Мақтаны сутегі тотығына (3%) батырып алып, суық үтіктің қара дақтарын жақсылап сүртіңіз. Сутегі дақтарды ерітіп, тез тазалауға көмектеседі.

Сірке қышқылы

Мақтаны сірке қышқылына батырып, үтіктің табанын сүртіңіз. Егер үтіктің табаны қатты күйген болса, сірке қышқылына мүсәтір спиртін қосыңыз.

Бұл әдіс көмектеспеген жағдайда сірке қышқылы сіңген матамен үтіктің күйген бөлігін біраз уақыт жауып қойыңыз. Осы уақыт аралығында үтіктің қарайған бөлігі жұмсарады. Сәлден соң, оны щеткамен тазалап тастаңыз.

Ас содасы

Бір кесе суға бірнеше қасық ас содасын салып, ерітіңіз. Одан кейін осы ерітіндіге шүберекті батырып алып, үтіктің сұп-суық табанын ысқылап сүртіңіз.

 

Мақала авторы - Жансая Төлеген

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.