Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:11
  • Күн 04:59
  • Бесін 13:23
  • Екінті 18:58
  • Шам 21:37
  • Құптан 23:25
  • 3
  • шілде

    жұма

  • 12
  • Зуль-ка’да

    1441

Бұл мені уайымдатпайды


Мына бір кісінің хикаясы біздерге ғибрат боларлық екен:

Бір адам ел таныған данышпанға келіп бағаның шарықтағанын айтып шағымданыпты. Сонда ол кісі: "Арпаның бір түйір дəні бір динарға (алтын ақша) парапар болса да ол мені уайымдатпайды. Себебі мен Аллаға Өзі бұйырғандай құлшылық етуге міндеттелгенмін. Ал Ол уәде еткеніндей ризық береді" деп жауап қатыпты. 

Расында, Раббымыз Құран Кәрімде: «Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің де оған сабырлы бол. Біз сенен ризық сұрамаймыз. Саған ризықты Біз береміз. Соңғы нәтиже – тақуалардыкі (Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылардыкі)»,-деп сүйіншіледі емес пе? («Таһа» сүресі, 132-аят)

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.