Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:11
  • Күн 04:59
  • Бесін 13:23
  • Екінті 18:58
  • Шам 21:37
  • Құптан 23:25
  • 3
  • шілде

    жұма

  • 12
  • Зуль-ка’да

    1441

«Кімде-кім бауырының айыбын жапса...»


Бірде Әбүл-Хайсам:

– Менің кей көршілерім арақ ішеді. Осыларды ұстап беріп, бір жазалатсам ба екен? – дейді.

Ұқба ибн Амр:

– Қой, олай жасағаның жөн болмас. Одан да оларға насихат айт, – деп ойын білдіреді.

– Қайдан, мені тыңдар емес. Әй, жазалатқан дұрыс-ау... – дейді көршісінің әбес қылығынан жапа шегуші.

– Жоқ, ондайға бармағаның абзал, өйткені мен Аллаһ елшісінің «Кімде-кім бауырының айыбын жапса, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып қалғандай сауапқа кенеледі» дегенін естіп едім, – деген жауаппен сабырға шақырады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.