Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:11
  • Күн 04:59
  • Бесін 13:23
  • Екінті 18:58
  • Шам 21:37
  • Құптан 23:25
  • 3
  • шілде

    жұма

  • 12
  • Зуль-ка’да

    1441

Құранмен дем салу


 Бір кісі науқастанып ауырып қалыпты. Бір досы келіп: «Досым, келші, мен біраз Құран оқып, саған дем салып берейін. Кім біледі, Алла шипа беріп қалар», дейді.

-      Осындай сөздеріңді қойшы. Болмайтын нәрсені айтпашы!

-      Неге олай дейсің?

-      Рас, Құран Алланың сөзі. Бірақ соны оқып, біреуге «сүф» десең, пайдасы тие қояр ма екен?!

Осы сөзді естігенде досы науқастың көзіне тік қарап тұрып, «Сен осы ит екенсің!» деп саңқ ете қалады. Науқас ашуланып, қызарып, сазарып, өңі бұзылып қатты абыржып қалды. Соны байқаған досы: «Әне, көрдің бе? Жай бір адамның  дөрекі сөзі кісіге қандай әсер етеді. Ал енді Алланың ұлы сөздері пендесіне әсер етпеуі мүмкін бе?», - дейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.