Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:11
  • Күн 04:59
  • Бесін 13:23
  • Екінті 18:58
  • Шам 21:37
  • Құптан 23:25
  • 3
  • шілде

    жұма

  • 12
  • Зуль-ка’да

    1441

Бір түйір харам ас


Баязит Бистами жас кезінде құлшылықтарынан кейде ләззат ала алмай жүрді. Бірде анасына барып:

–  Кейде өзімді Аллаһтан алыстағандай сезінемін, бірақ себебі өзіме беймәлім, – деп ішкі сырын айтады.

Анасы ойланып отырып:

–  Бір-ақ нәрсе есімде, – деді, – сенің төрт-бес айлық кезің. Көтеріп алып көрші үйге барғанмын. Сәл отырғаннан кейін сен жылай бастадың. Мен уатпақ болдым, сен одан сайын жыладың. Ақырында амалым таусылып, көршінің рұқсатынсыз саусағымның ұшын қазанындағы сорпаға батырып, саған дәм таттырып едім, – дейді.

Бұны естіген жігіт дереу анасын жібертіп, көршіден кешірім сұратады. Содан кейін барып Баязит Бистамидің жүрегі жай табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.