Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:02
  • Күн 05:51
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:29
  • Шам 20:46
  • Құптан 22:34
  • 13
  • тамыз

    бейсенбі

  • 23
  • Зуль-хиджа

    1441

Хадис және медицина


Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) өз хадистерінің бірінде: «Кім бетіне май жаққысы келсе, қасынан бастап жақсын, өйткені ол бас ауруын болдырмайды. Қас – бұл адам денесіне шығатын алғашқы шаш», - айтқан (Хаким Әл-Катоа «Рамуз ал-Хадис»). Осы шындықты 1400 жыл бұрын-ақ Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) айтқан.

Ислам туындап жатқан дәуірде осы ғылыми фактіні ашу үшін ананың құрсағындағы ұрықтың дамуын бақылауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық құрал-жабдықтар қажет болған болар еді. Ол дәуірде мұндай техниканың болмағаны белгілі, алайда Пайғамбарға (с.ғ.с.) осы шындық мәлім еді.

Медициналық оқу орындарында оқытылатын «Эмбриология» (проф. Uvies Maskor) оқулығының 207 бетінде мынандай жазбалар бар: «Адам ұрығындағы алғашқы шаштар эмбрионды дамудың төртінші кезеңінде пайда болады, ең бірінші қас өседі».

Ғылыми медицина растап отырған осы шындықты  Life Science Library "GROWTH" кітабының 193 бетіндегі: «Пайғамбар дұрыс айтқан!», деген сөздер тағы да растай түседі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.