Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:02
  • Күн 05:51
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:29
  • Шам 20:46
  • Құптан 22:34
  • 13
  • тамыз

    бейсенбі

  • 23
  • Зуль-хиджа

    1441

Имам мен ғалым айтысып жатыр (2)


ХАТТАУ БҰЙЫРСЫН!..

(whatsapp жауаптасу)

 

Мамлюк:

Даналықпен көрсеттің,

Хаттасудың бұл түрін.

Жалаң сөзді ерсі еттің,

Өлең,- деп,- сөздің дүлдүлін.

Шаттанды менің қалыбым,

Дос қаламын көргенде.

Имам мен ғалым – алыбым,

Шабыттан маржан тергенде.

Жәрдем қылған пендеге,

Алланың бар сауабы.

Мақтанбаймын мен неге,

Досымның нар жауабы.

 

Дихан:

Хаттасу осы заман сиреп кетті,

Кей жаман замандасты түйреп кетті.

Айтпасақ жақсы ақылды әзілменен,

Албасты жан-жақтағы билеп кетті.

 

Ұшымен қаламсаптың түзеу ақыл,

Білгенді дос-жаранға айтқан мақұл.

Өзім деп, өзімшілдік сойылда боп,

Жүргеннің айналасы тақыл-тұқыл.

 

Мамлюк:

Сөз төркінін түсіндім,

Ой өрісті кең етер.

Иман деген кісім мың,

Жоқ-жітікті тең етер.

 

Мінді айтса жүйелі,

Ол да – достың олжасы.

Биелі һәм түйелі,

Бола қоймас мылжасы.

 

Дихан:

Амандықта тұрғайсыз, найыбымыз,

Болмасын деп жүреміз айыбымыз.

Қайында екі бабаң Бұхар оқып,

Топырақтан екен ғой дайыныңыз.

Ал, соларды зерттемей жата берсек,

Азаймай ма жиған бір тайыныңыз.

Аталарың қайыннан – жайыныңыз,

Бұл жайды біле ме екен Сайынымыз.

Білмесе егер ТВ-да көрсетсе ғой,

Осыменен бекісін пайымыңыз.

 

28-29.01.2015

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.