Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 26
  • қаңтар

    жексенбі

  • 30
  • Джумада аль-уля

    1441

Агитаев Әділ Сахиұлы

1970 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген

1988 – 1990 жылдар аралығында Отан алдындағы әскери борышын өтеді.

1991 – 1992 жылдары Жамбыл облысы Мерке медресесін тәмәмдаған.

1992 – 1994 жылдары Алматыдағы Ислам Институтын бітірген.

1994 – 2000 жылдары Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Үйгентас ауданы Орталық мешітінің бас имамы қызметін атқарған.

2000 – 2001 жылдары Астана қаласы Орталық мешітінде наиб-имам қызметін атқарған.

2003 – 2005 жылдары Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылының мешітінде бас имам болып жұмыс істеген.

2006 – 2007 жылдары Алматы қаласы «Қыстаубайұлы Манас» мешітінің бас имамы.

2008 – 2013 жылдары Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылы «Сәметұлы Құмырбек» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.

2013 жылдың шілдесінен бастап Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб-имамы.

Үйленген, жеті баланың әкесі.