Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:27
  • Күн 06:07
  • Бесін 13:22
  • Екінті 18:15
  • Шам 20:26
  • Құптан 22:06
  • 24
  • тамыз

    сенбі

  • 22
  • Зуль-хиджа

    1440

Мусаев Мамлюк Асханұлы

ӨМІРБАЯН


Мұсаев Мамлюк Асханұлы - 1968 жылы қыркүйек айының 19 жұлдызында ОҚО Түркістан қаласында дүниеге келген.


1975-1983 ж.ж. Кентау қаласындағы №15 сегіз жылдық мектепті бітірген.

1983-1987 ж.ж. Кентау Тау-кен металлургия техникумын «Тау-кен технигі, шахта құрылысшысы» мамандығы бойынша білім алған. Қосымша; 1986 жылы қазіргі ШҚО Шар ауданы Әуезов елдімекеніндегі Бақыршық руднигінде үңгуші (проходчик) мамандығы бойынша жұмыс істеген.

1987-1989 ж.ж. Кеңес Одағының қарулы күштерінің қатарында Беларусь Республикасының Барановичи қаласында әскери міндетімді өтеген.

1989-1990 ж.ж. Кентау Экскаватор зауытында слесарь-құрал-сайманшы қызметін атқарған.

1990-1991 ж.ж. Ташкент қаласындағы Сауат ашу медресесінде оқыған.

1991-1992 ж.ж. Кентау қаласы №14 Әл-Фараби орта мектебінде дінтанушы мамандығы бойынша дәріс берген.

1992-1994 ж.ж. Алматы қаласы Жоғары Ислам институтын оқып бітірген.

1994 ж. шілде айының 5 жұлдызынан бастап Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде найб имам қызметін атқарып келеді.

1995-1996 ж.ж. Исламабадтағы Әлемдік Дағуа академиясында білімімді жетілдірген.

2003-2009 ж.ж. "Құқықтану" мамандығы бойынша Д.А.Қонаев атындағы университетті тамамдаған.

2011-2013 ж.ж. Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Дінтанушы» мамандығы бойынша оқып бітірген.
Мамлюк Асханұлы ұзақ жылдардан бері діни салада сүбелі еңбек жасап келеді. 

2016 ж. ақпан айында ҚМДБ-ның әр түрлі республикалық деңгейдегі шараларын ұйымдастыруға және елді игілікке, имандылыққа, ынтымаққа ұйытуға атсалысып, Муфтият тарапынан жүктелген тапсырмаларды орындаудағы тыңғылықтылығы мен төрт бағыт бойынша атқарған жемісті қызметтері үшін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының өз қолынан арнайы алғыс хатымен марапатталды. 

2016 ж. шілде айында найб имамы Мусаев Мамлюк Асханұлы Ішкі істер министрлігіне қарасты Астана қаласы бойынша Қылмыстық-артқару жүйесі департаменті ынтымақтастық кезінде көмек көрсеткені, қызмет барысында қосқан ерен еңбегі үшін аталмыш департаменттің әділет полковнигі Н.Рыспаевтің атынан алғыс хатпен марапатталды. Найб имам жұмыс барысында өзіне қол жұмсамақшы болған жазасын өтеушіні сабырға шақырып, суицидке баруына тосқауыл болған еді. Бұдан бөлек, алғыс хат беру барысында М.Мусаевтің құрылыс алаңында, күштік құрлымдардың ескертуіне құлақ аспай краннан өзін тастамақшы болған апалы-сіңілілі Ұйым, Сандуғаш есімді екі әйел азаматты сабырға шақырып, өмірін және отбасының амандығын сақтап қалуға себепкер болған еңбегі еленіп отыр.