Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 07:24
  • Күн 09:01
  • Бесін 13:12
  • Екінті 15:26
  • Шам 17:12
  • Құптан 18:49
  • 11
  • желтоқсан

    сәрсенбі

  • 13
  • Раби́’у с-сани

    1441

СӘДУАҚАС ҒЫЛМАНИ ШЫҒАРМАЛАРЫ

 

БОС КЕТКЕН БЕС НӘРСЕ 

ЛАЖЫ ЫРЗАЛЫҚ

МҮНӘЖАТ МҰҢ  

СОҢҒЫ ТАЮ

ӨКІНУ

ТҮС ШАЙЫ

АЙМАУЫТ ҰЛЫНЫҢ «ПСИХОЛОГИЯСЫНА» ҚАРСЫ

БАЛАЛАРЫМА

БІР БАЛАМА

ҚҰРБАН АЙТЫ

СОПЫЛАР

ЕСКЕРТКІШ

ҚАСАС СҮРЕСІНІҢ ӘЗ АЯТЫ...

ҰЗАҚ ХАДИСТІҢ АУДАРМАСЫ

ТӘПСЕРДЕН БІР ӘҢГІМЕ

            

 

     

 

 

ЫЛАЖЫ ЫРЗАЛЫҚ

 

Адам ұлы бәрі де,

Бірімен-бірі туысқан.

Жалғасып бірі-біріне

Әрбір істе жуысқан.

Ар-ұяттан безгендер,

Туысқа қас боп қуысқан.

Бірақ иман қуаты,

Біріктіріп туыс қып,

Пайда мен зиян ортақтап,

Мұң мен зарын ұғысқан.

Жақсылықтың ләззаты,

Танылмас кеңдік мезгілде.

Қандай үлкен болса да,

Дүниеге мас боп суысқан.

Басқа ауырлық түскен күн,

Түймедей қылған жақсылық.

Түйедей боп көрініп,

Санайсың оны туысқан.

Жалғыз ғаплет надандық,

Ісі, пейілі арамдық.

Тарлық күні ұмытып,

Өне бойы құрысқан.

Сақтасын тәңірім мұндайдан,

Не жақсыдан бақ тайған,

Не жаманға бақ қонған.

Көмек тиіп Құдайдан,

Нендей әлсіз әлденген,

Нендей гүлсіз гүлденген,

Нендей өтті шешендер,

Сөйлемей тілі күрмелген.

Бүгін кедей, ертең бай,

Рахаттанып көңіл жай.

Бүгін өте дәулетті,

Солған бір күн қу сұмырай.

Бүгін ауру, ертең сау,

Шама келмес дегенге әу.

Сайрайтын тіл күш-қуат,

О да кейде жабырқау.

Бұл - табиғат сарыны,

Ежелден келген қара жол.

Кездеспек тұс-тұсыңда,

Кім болсаң, мейлі сен ол бол.

Ауырлығы кездессе,

Зарлатады аямай.

Мейлі көзден қан ақсын,

Қалмайды кәрін таямай.

«Не болды саған?» дегенге,

Таппайсың тілді жүректі.

Бәрі сақау, миғұла,

Қажымас күш мол білекті.

Рахаты кездессе,

Шаттандырып қуантар.

Түрлі мехнат жоғалып,

Көңіліңді жұбантар.

Мәз болып күліп көңілді,

Боласың қайғы сенде жоқ.

Кездеспестей қиынға,

Семіресің көңіл тоқ.

Мастанасың шалқиып,

Көкірек керіп ірі боп.

Қорланып арғып тұрасың,

Қалуға көптің бірі боп.

Бас асау нәпсің семіріп,

Әлек қылар орға атып,

Кейіген болса әлсіреп,

Шаршатар сені мұқатып.

Мұның ылажы ырзалық,

Қолда барға қомсынбай.

Шүкірлік қылу молына

Неғматқа зор сынбай.

Сондықтан еттім шүкірлік,

Төменгіге қараумен.

Ойыма салдым пікір нық,

Жоғарғыны санаумен.

Сұрадым, Тәңірім, түзу жол,

Мен бір пендең, күнәм мол.

Аямасаң, есіркеп,

Болдым сорлы мен құр қол.

 

Майтөбеде,

1931 жыл, 23 апрель