Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 22
  • қазан

    сейсенбі

  • 22
  • Сафар

    1441

Садырханов Жұманазар Өсерханұлы

 

Садырханов Жұманазар Өсерханұлы - Исламтану ғылымдарының магистрі, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әрі атақты хафиздерінің бірі. Ол 1996 жылы, 16 жасында Түркияның Стамбул қаласында оқып жүрген шағында-ақ қасиетті Құран Кәрімді жатқа алған. Қазақстанға оралғаннан кейін, 1997 - 2000 ж.ж. аралығында Алматыдағы Ислам Институтында білім алған.

2002-2013 ж.ж. аралығында Алматы қаласының Орталық мешітіне наиб имам болып, жемісті еңбек атқарған.

2000 – 2013 ж.ж. аралығында Алматы қалалық Орталық мешітте 13 жыл бойы Құран - хатым түсіріп келген.

2013 - 2015 ж.ж. аралығында «Нұр-Мүбәрак» Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистратура оқыған.  

Алматы қаласындағы «Аманқұл ата» медресесінде сабақ бере жүріп, Республикалық Құран жарыстарының жүлдегерлері болған 12 - 23 жас аралығындағы 10 хафизді тәрбиелеп, ғылым жолына баулыған.

Индия, Малайзия, Ливия және Қырғызстандағы Құран хатым жарыстарында, Орта Азия бойынша екі рет 2 - орынға ие болған. Қазақстандағы Қарилар комиссиясының құрметті мүшесі.

Үйленген. Үш қызы, екі ұлы бар.