Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:50
  • Күн 06:24
  • Бесін 13:20
  • Екінті 18:00
  • Шам 20:07
  • Құптан 21:42
  • 10
  • сәуір

    жұма

  • 16
  • Ша’ба́н

    1441

Елбасының «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінің студенттерімен кездесу барысында айтқан сөзі

Бұл университетті құрудағы менің мақсатым – қазақтар айтқандай дүмше молда көп. Біз тәуелсіздік жылдары ғана мұсылманшылыққа қайта оралдық. Ал, біздерді, сендердің аталарыңды атеист қылып оқытқан. Соны қайтару үшін 3000-ға тарта мешіт ашылды. Молдалар жетіспегендіктен кейін мешіттерде неше түрлі адамдар істейді, елімізге исламның неше түрлі ағымдары келіп жатады, олармен сөйлесетін, түсіндіретін, нағыз исламды, нағыз құранды білетін мамандар аз… . Сіздер тек ислам дінін біліп қойсаңдар болмайды. Көп білім алуларың керек. Философияны да, тарихты да, мәдениетті, әдебиетті де білулерің керек. Жай молдалықпен қалып қоймауларың қажет, жассыңдар ғой.

34f46e7467bf79a6c1ab24c1a4dfb705

Сіздер исламды оқумен қатар, біздің халқымыздың ежелгі тарихы мен бай дәстүрін де ұмытпауларыңыз керек. Сіздер тарихты, мәдениетті, әдебиетті, философиясыны білулеріңіз керек. Сіздер оқуды бітіргеннен кейін Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мешіттерде жұмыс істейтін боласыңдар. Сіздер біздің қоғамдағы бірлік, бейбітшілік пен келісімнің қаншалықты маңызды екенін адамдарға түсіндірулеріңіз қажет.