Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 07:28
  • Күн 09:05
  • Бесін 13:14
  • Екінті 15:26
  • Шам 17:12
  • Құптан 18:50
  • 15
  • желтоқсан

    сенбі

  • 6
  • Раби́’у с-сани

    1440

Асханалар мен кәсіпорындар "Халал" сертификатын алды

Ай қорытындысы бойынша қатарымызға бірнеше кәсіпорындар қосылып, «Халал» сертификаттаудан өтті. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы «Кувшин» асханасы, Алматыдағы «Sancak» мейрамханасы және Шымкент өңіріндегі «Эмир» ірімшігін өндіретін «AYKAN (Айкан)» ЖШС кәсіпорыны ҚМДБ-ның бақылауына алынды.

«Кувшин» асханасы мен «Sancak» мейрамханасы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 1:2015 “Халал” өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар” стандарты бойынша тексерістен өтіп, оң нәтижеге ие болды. Сертификаттау рәсімін ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы және ОҚО бойынша жауапты Халал өкілі Темур Аманкулов жүргізді.

Сондай-ақ, «AYKAN (Айкан)» ЖШС өнімі арнайы зертханалық тексерістен өткізіліп, өнімнің құрамы таза екендігі анықталды. Аталмыш кәсіпорынның негізгі бағыты әр түрлі ірімшік өндіру үшін сүттерді өңдеу болып табылады. Сертификатты ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.