Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 07:28
  • Күн 09:05
  • Бесін 13:14
  • Екінті 15:26
  • Шам 17:12
  • Құптан 18:50
  • 15
  • желтоқсан

    сенбі

  • 6
  • Раби́’у с-сани

    1440

Алматы қаласы мешітінің әйел-қыздар ұстаздарына «Халал» турасында оқу-семинар өтті

Алматы қаласы мешітінің әйел-қыздар ұстаздарына «Халал» турасында оқу-семинар өтті. Дәрісті ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның технолог маманы Шамшетова Адиля оқыды.

Кездесуде Тағамдық қоспалар тақырыбында түрлі презентациялар мен роликтер көрсетілді.  Сонымен қатар, семинар барысында әйел-қыздар ұстаздары ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС әзірлеген Е тағамдық қоспаларының тізбегімен кеңінен таңыс болды.

Сондай-ақ семинар барысында негізгі мәселелер – «Халал бөлімінің ашылуы», «Халал және Харам түсінігі», «ҚМДБ тексерісінен өткен кәсіпорындар», «Халал стандарттар», «Зертхана» талқыланды.

Қорыта келе, қатысқан әйел-қыздар ұстаздары бұл семинарда Халал турасында білімдерін жетілдіріп, мазалаған сұрақтарына толыққанды жауап алды деп сеніммен айта аламыз. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.