Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 06:13
  • Күн 07:39
  • Бесін 13:04
  • Екінті 16:28
  • Шам 18:19
  • Құптан 19:45
  • 20
  • қазан

    сенбі

  • 9
  • Сафар

    1440

Айт мейрамыны тойлануда (ФОТО)

25-маусым. Астана. Sunna.kz – Ораза айт мерекесіне орай, мешітімізде ұлттық ойындардан жарыстар өтті.

Дін мен дәстүр – ықылымнан қазақ санасындағы бірінсіз бірін елестетуге болмайтын егіз ұғым. Бірінен бірін бөліп қарауға келмейтін астарлас, мәндес егіз түсінік. Шынында да, қазақ халқы ежелден дінді бей-жай қабылдап, фанаттықпен, көзсіз ұстанған халық емес. Дінін діліне жымдастырып, дәстүріне, дініне қарап реттеп, өмірінің өнегесін Исламмен өрнектеген бекзада болмысы бар бекзат халық.

Бұл туралы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының екі томдық "Дін мен дәстүр" кітабында егжей-тегжейлі тоқталады. Айтып-айтпай халқымыздың кез келген дәстүрін, әдет-ғұрпын, тіпті ұлттық сана-сезіміне айналған түсініктерін алып қарастыратын болсаңыз, астарынан иман құндылықтары менмұндалап, Исламның жұпар иісі аңқиды.  

ҚМДБ-ның бастамасымен "Дін мен дәстүр жылы" деп аталар арнаулы бағдарлама іспетті мақсатты жоба қолға алынғаны баршамызға аян. Міне, осы жылдардың жемісі бүгінде ел мешіттерінде ел руханиятының олжасына айналған біраз шаралардың ұйтқысы болып келеді. Соның бірі, айтулы мерекелер қарсаңында мешіт ауласында атқарылар іс-шаралар легі. Айталық, Наурыз, Ораза айт, Құрбан айт, Тәуелсіздік күні сынды айтыулы мерекелер қарсаңында мешіттерімізде мерекелік киіз үйлер тігіліп, мешіт жамағатына ұлттық ас мәзірімізден шашу шашылса, түрліше деңгейде ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, ұрпақ санасына рухани жаңғырған ұлт болып қайтадан қалыптасудың жаңа тұрпатты қадамын сіңіріп келеді. Міне, осындай үрдіс бүгінгі Ораза айт мерекесінде де өз жалғасын тапты. 

ҚМДБ-ның Астана өкілдігінің тапсырмасымен, Ораза айт мейрамына орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұлттық спорт ойын түрлерінен мерекелік сайыс ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шаралар аясында өткізілетін жарыста ұлттық ойындардың бірнеше түрінен сайыстар өтті. Атап айтсақ, асық ату, гір көтеру, қол күрес, арқан тарту қатарлы спорттық ойын түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып, өткізілген әр номинация бойынша жеңімпаздар заттай сыйлықтармен марапатталды. 

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.