Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 22
  • қазан

    сейсенбі

  • 22
  • Сафар

    1441

25-маусым - Ораза айттың бірінші күні

Астана. 23 маусым. sunna.kz - 25-маусымда елімізде Ораза айт мерекесі басталады.

Биыл қасиетті Рамазан айы 29 күнге жалғасады. Бұл туралы осыған дейін де Рамазан айына байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында айтылған болатын.

Осыған орай, Ораза айттың бірінші күні 25-маусымға тура келеді.

Мұсылман әлемінің айтулы мерекесіне орай, Астана қаласы бойынша айт намазы 25-маусым күні 07:00-де оқылатынын хабарлаймыз.

Мерекеге орай, айт намазынан кейін, ҚМДБ-ның Астана өкілдігінің тапсырмасы аясында "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінде ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыс өткізіп, мерекелік шаралар ұйымдастырылатын болады деп күтілуде.

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітіні баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.