Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:19
  • Күн 06:47
  • Бесін 13:14
  • Екінті 17:30
  • Шам 19:29
  • Құптан 20:57
  • 18
  • қыркүйек

    сенбі

  • 10
  • Сафар

    1443

Екі мыңнан артық адамға сәресі берілді (ФОТО)

22-маусым. Астана. Sunna.kz  – Мың айдан да қайырлы Қадір кешіне орай 2000-нан астам адамға сәресі берілді

ҚМДБ-ның Астан қаласы өкілдігінің тапсырмасы аясында, Елордалық белгілі кәсіпкер азаматардың демеушілігімен, Қадір түнін күзеткен жамағатқа «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ауласында арнайы жасалған орында 2000-нан астам адамға сәресі берілді.

Тарауықтың алғашқы күнінен бастап Құран хатымға қатысқан елордалықтарды әр бағыттар бойынша ай бойы үш автобус үздіксіз кызмет көрсеткен болатын. Бүгінде сол үрдіс бойынша, Тарауық намазынан кейін және таң намазынан кейін жамағатарымызды Көктал-1, Көктал-2 шағын ауданы жаққа, және де Астана-1 вокзалы, «Ет комбинаты», «Кирпичный» және Манас даңғылы, «Мастер-2» құрылыс базары бағытарында автобустар қатынап, Қадір түнін күзеткен жамағатқа тегін қызмет көрсетті.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.