Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:19
  • Күн 06:47
  • Бесін 13:14
  • Екінті 17:30
  • Шам 19:29
  • Құптан 20:57
  • 18
  • қыркүйек

    сенбі

  • 10
  • Сафар

    1443

Қасиетті кеште Хатым дұғасы жасалды (ФОТО)

21-маусым. Астана. Sunna.kz  – Мың айдан да қайырлы Қадір түнінде мешітімізде Хатым дұғасы жасалды

Екі дүниенің сұлтаны, ардақты Пайғамбарымыз – Мұхаммед саллаһу ғәләйһи уә сәлләмнің сүннетіне сай Рамазан айындағы жамағатпен оқылар Тарауық намазында Құран Кәрімді хатым ету – ел мешіттерінде үрдіске айналған игі құлшылық.

Мешітімізде жылдағы үрдіс бойынша, Рамазан айының басынан бері күнделікті тарауық намаздарында Құран хатым оқылып келген болатын. Хатымды мешітіміздің Бас имамы, елімізге белгілі қари Жұманазар Садырхановпен бірге, «Көктөбе» қарилар орталығының түлегі, Халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері, жас қари Қайырбай Дәукенұлы оқыды.

Бүгін қасиетті Қадір түніндегі таруық намазында Құран Кәрімнің 30-парасындағы қысқа сүрелер оқылып, мешітке жиналған жамағатпен бірге Хатым дұғасы жасалды.

Бас имам Жұманазар қари   Өсерханұлы Хатым дұғасын жасап, Жаратқаннан елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, халқымызға бақ-береке, азаматтарымызға тақуалық пен екі дүниенің бақытын, егемендігіміздің Қияметке дейін жалғаса беруін тіледі.

Қасиетті түнді қарсы алуға келген Елорда тұрғындары қариларға деген ризашылығын білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі


 



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.