Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 20
  • қараша

    сәрсенбі

  • 22
  • Раби́’у ль-авваль

    1441

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде 2000-ға жуық адамға ауызашар берілді (ФОТО)

21-маусым. Астана. Sunna.kz – Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қадір түніне орай айырықша дастарқан жайылды.


ҚМДБ-ның бастамасымен, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қасиетті Қадір түнінің қарсаңында орайластырылған іс-шаралардың ең алғашқысы ретінде 2000-ға жуық адамға ауызашар берілді.

Бүгінгі ауызашар бұрынғы ауызашарлардан өзгерек болды. Рамазан айы басталғалы күнделікті қалыптасқан үрдіс бойынша «Алтай», «Араби», «Керемет», «Әл-Маида» дәмханаларында 500-ге жуық адам ауыз ашса, бүгінгі арнаулы әзірленген орында 2000-ға жуық адамға ауызашар дастарқан жайылды.

Қасиетті түнді Алла үйінде өткізуге ниеттенген елордалық мұсылмандар үшін ұлттық мәзірдегі ыстық тамақтар, су, құрма, салаттар т.б ас мәзірі дайындалып, мешіт іші-сыртына 20-ға тарта орынға арнаулы тазартылған су қойылды. Бүгінгі ауа райының қолайлығынан қасиетті кеште мешітке ағылған елордалықтардың қарасы жылдағыдан ерекше.

Айталық, бұл тарауық намазында Құран Хатым тамамдалып, жиналған жамағатпен бірге арнайы Хатым дұғасы жасалатын болады. Ал, таң сәріде 2000 адамға сәресі дастарқаны жайылып, арнаулы ас мәзірі таратылмақ.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі




 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.