Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:19
  • Күн 06:47
  • Бесін 13:14
  • Екінті 17:30
  • Шам 19:29
  • Құптан 20:57
  • 18
  • қыркүйек

    сенбі

  • 10
  • Сафар

    1443

Ақсақалдар Құран хатым жасады (Фото)

21-маусым. Астана. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ақсақалдар мен әжелерден құралған шәкірттер тобы қасиетті Рамазан айына орай Құран хатым түсірді.

Рамазан айында Алланың кәләмі - Құран Кәрімді бастан аяқ оқып шығу – сауабы мол сүннет амалға жатады. Құран оқу мұсылмандар үшін ең игі ғибадат-амалдардың бірі.

Ел мешіттерімен қатар, «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінде Тарауық намазында Құран Хатым жасау үрдісімен қатар, мешіт жанындағы сауат ашу курсының шәкірттерінің де Құран хатым жасауы жыл сайынғы дәстүрге айналған игі шара.

Бас имам Жұманазар қаридың қатысуымен, мешітімізде діни сауат ашу курсында дәріс алып жүрген ақсақалды қариялар мен ақсамайлы әжелеріміз қасиетті Құранды толық хатым жасап, мың айдан да қайырлы Қадір түнінің қарсаңында  хатым дұғасын жасады.

Іс-шара аясында ақсақалдар мен әжелеріміз еліміздің тәуелсіздігі мен жеріміздің тыныштығы үшін өмірін берген ғазиз жандардың, өмірден өткен барша мұсылмандардың рухына Құран сауабын бағыштады.

Алладан елімізге амандық, халқымызға мол ырыс-несібе, жерімізге тыныштық тіледі. Сондай-ақ, Рамазан ай бойы хатым өткеруге ұстаздық жасап келе жатқан имамдарымызға ақ батасын беріп, ризалықтарын жаудырды. 

 «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.