Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:19
  • Күн 06:47
  • Бесін 13:14
  • Екінті 17:30
  • Шам 19:29
  • Құптан 20:57
  • 18
  • қыркүйек

    сенбі

  • 10
  • Сафар

    1443

Кәсіпкер азаматтарға ауызашар берілді (ФОТО)

20-маусым. Астана. Sunna.kz - Қасиетті Рамзан айына орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде кәсіпкер азаматтарға ауызашар берді.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің арнайы тапсырмасы аясында, «Алтын ғасыр» мейрамханасында елордалық 30-дан астам кәсіпкер азаматтарға айырықша ауызашар дастарханы жайылды.

Жиналған жамағатқа Бас имам Жұманазар Садырханов Рамазан айының ерекшелігі мен соңғы он күндіктің қадір-қасиеті жайлы тұщымды ойларымен бөлісті. Игі дастархан басында зекет хақында уағыз-насихат айтылды. Сонымен бірге, кәсіпкерлерге ҚМДБ-ның найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемін жеткізді.

Ауызашарға белігі дінтанушы Қазыбек  Байсопы, Есімбет Қопабаев, Бауыржан Смайлов және белігілі журналист Мұртабек Тоқтағазин бастаған т.б көптеген кәсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысып, өз кезегіне мешіт жұмыстарына ризашылықтарын жеткізді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметкері

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.