Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:19
  • Күн 06:47
  • Бесін 13:14
  • Екінті 17:30
  • Шам 19:29
  • Құптан 20:57
  • 18
  • қыркүйек

    сенбі

  • 10
  • Сафар

    1443

Бас мешітте БАҚ өкілдеріне ауызашар берілді (ФОТО)

Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде елордалық журналисттер қауымына дастархан жайылып, ауызашар берілді. Берекелі кешке Астана қаласындағы тілшілер қауымы шақырылып, ғибратты отырыс өткізді. Азан айтылып, қасиетті Құран аяттарымен басталған шараның алғы сөзі ҚМДБ-ның төрағасы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлына ұсынылып, құттықтау лебізіне құлақ түрді. Айлардың сұлтаны болған Рамазан жайлы ой толғап, қадір-қасиетіне тоқталған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қасиетті айдың барша мұсылмандар үшін мүбәрак болуын тілеп дұға жасады.

Сондай-ақ, қоғам арасында дұрыс діни түсінік қалыптастырып, асыл дініміздің ақиқат бейнесін халық жүрегіне жеткізу жолында журналисттер қауымана артылар аманат пен жауапкершіліктің жоғары екенін ескертіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Берекелі кеш бойына ақындар жыры мен тілшілер тілегіне де кезек беріліп, қонақтардың рухани дүниесін де байыта түсті. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің өздеріне көрсеткен құрметтеріне жиылған журналисттер қауымы атынан ризалықтарын білдіріп, ізгі тілектерін жолдады. Шақырылған қонақтардың барлығына «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Тәпсір тұнығы», ҚМДБ шығарған «Дін мен дәстүр» 2-томдығы және «Сауабы мол құлшылық – Ораза» кітаптары тарту етілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.