Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:19
  • Күн 06:47
  • Бесін 13:14
  • Екінті 17:30
  • Шам 19:29
  • Құптан 20:57
  • 18
  • қыркүйек

    сенбі

  • 10
  • Сафар

    1443

Мешіт айналасына көлік қалдыруға тыйым салынды

Дубай полициясы көлік жүргізушілерін Рамазан айының қалған күндерінде жол қозғалысы ережесін сақтауға шақырды. Дубай полициясындағы Жол қозғалысы бас басқармасының директоры Саиф Мохейр әл-Мазруи департамент Рамазан айында Дубай тұрғындарына қолайлы жағдай қалыптастыруға жауапты екенін айтты.

Аталмыш ведомство сондай-ақ көліктердің мешіт аулаларындағы тұрақжайына да назар аударады. Осыған байланысты ол тарауих намазына келуші мұсылмандарға көліктерді ретсіз қойып кетпеуді ескертті. Мешіт айналасындағы жолдарды көліктермен жауып тастауға болмайтынын атап кетті.

Әл-Мазури, сонымен қатар, түнгі құлшылық кезінде тәртіпті қатаң бақылайтынын, жол қозғалысы ережелері де қатаң сақталуы тиістігін хабарлады. Департамент басшысы барлық көлік иелерінен ережені бұзбауға және өзге де мұсылмандардың қасиетті айда құлшылық жасауына кедергі келтірмейін сұрады.

kazislam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.