Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:02
  • Күн 05:51
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:29
  • Шам 20:46
  • Құптан 22:34
  • 13
  • тамыз

    бейсенбі

  • 23
  • Зуль-хиджа

    1441

Ауызашар жалғасуда (ФОТО)

6-маусым. Астана. Sunna.kz - «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қасиетті Рамазан айның ауызашар дастарханы жалғасуда.

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында, айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының әр күні, ел мешіттерінде ауызашар дастарханы жайылып, ораза ұстаған мұсылмандар үшін арнайы ас мәзірі ұсынылады. Бұл үрдіс Елорда мешіттерінде де тұрақты түрде артқарылып келеді.

Бүгін «Алтай» дәмханасында жүзден астам Астана тұрғындарына ауызашар дастарқаны жайылды. Оған «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің наиб имамы Жасұлан Абутәліп қатысып, жиналған жұртшылыққа ауызашар дастарханының қадір-қасиеттері жайында айта келе, елімізге, жерімізге мол ризық-несібе тіледі. Сонымен қатар, мешітімізде жыл сайынғы үрдіс бойынша, Рамазан айында кәсіпкер азаматтар мен ауыз аштырып сауап алғысы келген азаматтардың демеушілігімен мешіт жанындағы арнаулы дастарханда және «Алтай», «Керемет», «Араби», «Әл-Маида», дәмханаларында күнделікті ауызашар берілуде.

Айта кетейік, мешітіміз Рамазан айының алғашқы он күндігінде 5210 адамға ауызашар дастарханы жайылып, елордалық ораза ұстаушыларға қызмет көрсеткен. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.