Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:02
  • Күн 05:51
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:29
  • Шам 20:46
  • Құптан 22:34
  • 13
  • тамыз

    бейсенбі

  • 23
  • Зуль-хиджа

    1441

Астана қасиетті аймен ажарлана түсті (ФОТО)

Рамазан бүгінде республика халқының бұқара болып қарсы алып, жоғары деңгейде атап өтетін ардақты айы.

Астаналықтар да жылдан жылға қасиетті айдың құрметін асырып, мәртебесін көтеріп келеді. Ауыз бекітуші ізгі ниетті жандар қатары мен мешітке жиылған жұртшылық қатары көбейіп, имандылыққа ұйыған жамағат молайды. Елорда мешіттері дін мен дәстүрдің сабақтастығын кезекті рет көрсетіп, Рамазан айының құрметіне қала көшелеріне арнаулы баннерлер қойды. Рамазан айына арналған құттықтау баннерлері қазіргі уақытта Астананың отыздан аса жеріне ілінді. Ізгілік айындағы игі тілектер елорда тұрындары мен қонақтарына ерекше жылу сыйлап отыр. Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен қала көлемінде Рамазан айында әртүрлі көлемде мәдени-рухани, қайырымдылық шаралары ұдайы ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, ай бойына қала мешіттерінде ораза ұстаушы жұртшылыққа тегін ауызашар дастархандары жайылады. Ал түнгі тарауих намазына жиылған жамағатты үйлеріне арнайы тегін автобустар белгіленген бағыттар бойынша жеткізеді.

 


«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.