Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:07
  • Күн 05:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:26
  • Шам 20:42
  • Құптан 22:29
  • 15
  • тамыз

    сенбі

  • 25
  • Зуль-хиджа

    1441

QALAM ДІНИ ЖУРНАЛИCТЕР КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған «Qalam» діни журналситер клубы алғашқы кездесуін белгілі журналист, блогшы, жаңа медиа сарапшысы Асхат Еркімбаймен өткізді. Кездесуге «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінің исламтану, дінтану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер және «Әбу Ханифа» медресесінің шәкірттері қатысты. Кездесуде жаңа медиа және діни журналистика саласына қатысты маңызды мәселелер талқыға салды.

Алматы қаласында бас қосқан «Qalam» журналистер клубының мүшелері ақпарат саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салып, болашақ жоба мен жоспарлар туралы ақылдасты.


ҚМДБ ғаламтормен жұмыс бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалық діни білім алып жатқан жастар шығармашылық орталардан журналистік білім мен тəжірибе алып, дінді дұрыс жеткізуге мүмкіндік алатынын айтты:

«Журналистикалық қызметте жүрген қаламгерлердің дін саласында білімі мен білігі жоқ болғандықтан дін туралы толымды пікір айта алмайды. Ал, діни білім алып жатқан жастар осындай шығармашылық орталардан журналистік білім мен тəжірибе алса қоғамда дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға негіз болады», – деді Мұрат Әбдіхалық.


Ал тележурналист Асхат Еркінбайдың пікірінше, жаңа медиа – құрал. «Құралдың кілтін дұрыс білсең оңай. Мысалы, үнемі жанымда телефоным жүреді. Телефон арқылы автобуста кетіп бара жатып, жазба жазамын, поштамды тексеремін. Және бірден қай сайтқа кіруге болады, қайсысы болмайды біле қоямын. Құралды дұрыс пайдалана білсең ол саған көмектеседі. Қазір дәстүрлі журналистиканың өкілдері жаңа медианы түсініп, меңгере бастады. Себебі, мұнда потенциал мен мүмкіндік өте көп. Ақпарат кеңістігінде діни ағартушылық сайттар алғашқы елулік қатарына енді. Мысалы, mazhab.kz, hibatulla.kz, ihsan.kz, muslim.kz сайттарын айтуға болады. Бұл бір жағынан қоғамның діни, рухани мағұлымытқа деген сұранысын білдіреді», – деді Асхат Еркінбай.



«Qalam» журналистер клубының алғашқы отырысында бас қосқан жастар алдағы уақытта журналистік кәсіби шеберлігін шыңдайтын шараларды тұрақты да жүйелі түрде өткізіп, заманауи ақпараттық технологияларды журналистика саласында тиімді пайдалану мәселесі төңірегінде мастер-класс бағдарламаларын жиі ұйымдастару туралы келісімге келді. 


Клубтың басты мақсаты – кәсіби шеберлікті шыңдауға үлес қосу, дін тақырыбында қалам тербеп жүрген журналистермен ынтымақтастық орнатып, ортақ шаралар ұйымдастыру.

ҚМДБ баспсөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.