Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:07
  • Күн 05:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:26
  • Шам 20:42
  • Құптан 22:29
  • 15
  • тамыз

    сенбі

  • 25
  • Зуль-хиджа

    1441

Қуғын-сүргін құрбандарына Құран оқылды (ФОТО)

Астана іргесіндегі Ақмол ауылында орын тепкен «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенінің ашылғанына биыл 10 жыл толып отыр. Осыған орай, Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингісі болып өтті. Шара барысында бір қатар іш шаралар атқарылды. Оған Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Жасұлан Абутәліп қатысып, ел азаттығы жолында шаһит кешкен аруақтардың рухына құран оқып, дұға бағыштады. Сонымен қатар, Астана қаласының православие шіркеуінің өкілдері және тарихшы ғалымдар, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қатысып, мұражайды аралады.  Сондай-ақ, гүл шоқтарын қойып, марқұмдардың рухына тағзым етті.

Бұл орын бастапқыда КарЛагтың арнайы бөлімшесі болып құрылып, кейіннен «Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері» атауын алған «АЛЖИР»-ден өткен ғасырдың 30-50 жылдары этаппен 20 мыңнан астам әйел өтсе, олардың 8 мыңнан астамы мерзімдерін толық өтеп шыққан. «Халық жауының әйелі» немесе «халық жауының отбасы мүшесі» ретінде сотталғандарды мұражай ауласында тұрған «Сталин вагонымен» немесе оның екінші атауы «Қызылшамен» осы жерге әкелінген екен.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.